01
март
2025
1-наурыз "Алғыс айту" күні
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген Алғыс айту күні мен қасиетті Рамазан айының басталуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – жүректеріміз мейірімге толып, бір-бірімізге шынайы ризашылық білдіретін күн деп білемін. Осы сәтті пайдалана отырып, білім саласының дамуына қосып жатқан үлестеріңіз, ерен еңбектеріңіз үшін барша әріптестеріме ерекше АЛҒЫСЫМДЫ білдіремін!
Мектеп өміріне етене араласып, бала тәрбиесінде қолдау көрсетіп жүрген ата-аналар, сіздерге де айтар АЛҒЫСЫМ шексіз!
Қасиетті Рамазан айы - молшылық пен берекенің, сабыр мен ізгіліктің бастамасы болсын! Ниет етіп ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, отбастарыңызға амандық, ырыс-береке әкелсін!
Білім жолындағы атқарып жатқан еңбегіміз әрдайым жемісті болып, ел игілігіне, балалардың болашағына бағытталған бастамаларымыз сәтті жүзеге ассын деп тілеймін! Оқушыларымыздың жетістіктері еселеніп, болашақтың тізгінін мықтап ұстайтын, халқымызға адал еңбек ететін шәкірттер тәрбиелей берейік!!!
Б. Қосынов ОМ директоры
Кабдыгалиева Айман Толепбергеновна