1 наурыз – Алғыс айту күні. » Б.Қосынов атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » 1 наурыз – Алғыс айту күні.
03
апрель
2019

1 наурыз – Алғыс айту күні.

1 наурыз – Алғыс айту күні.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір - біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Осыған орай мектебімізде «Мен алғыс айтамын» тақырыбында апталық өткізілді.
25.02.2019ж «Мен алғыс айтамын» апталықтың ашылуы болды. 5-11 сыныптар арасында саптық жиында әр сыныптар бір оқушыдан өз алғыстарын білдірді. Мектебіміздің фоэесінде «Мен алғыс айтамын» тілек тақтасы
қойылып, кез-келген оқушы мұғалім, өз ішкі тілектерін білдіріп, рахмет айтқысы келетін адамдарға жылы лебіздерін жазды.
26.02.2019ж Қазақ қашанда «Қызды қырық үйден тыю» демекші, «Алғыс жүректен шығады» деген тақырыпта әжелер алқасымен қыздар кездесуі өтіп, сұхбат жүргізілді.
27.02.2019ж педагог-ұйымдастыруша Н. Байтугеловамен «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерімен бірге ауылымыздағы жалғызбасты зейнеткерлерге ауласындағы қарды тазалауға жәрдемдесіп, қыздар үйлерін жинап, көмек көрсетті.
28.02.2019ж 1-11 сыныптар арасында «Алғыста шек болмайды» атты сынып сағаттарын өткізді.
01.03.2019ж қорытынды кеште «Мен алғыс айтамын» тақырыбында 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен флэшмоб биі өткізілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив