12
июнь
2024
«Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» форумы
12 маусым 2024 жылы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 12 маусым-Халықаралық бала еңбегін қанауға қарсы күніне орай Қарасай ауданы әкімі орынбасары және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі балалар құқығын қорғау коммисиясының төрағасы Р.Атшабаровтың бастамасымен «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» форумы ұйымдастырылды. Бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғындыруымыз керек. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындап , жазғы мезгілде еркін дем алуы қажет екендігін көрсету. Іс –шара қонағы РОДНИК «Әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік – психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» қоғамдық қорының бағдарлама үйлестірушісі Жайсанбаева Газиза Сапаргалиевна қонағымыз «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» атты мерекелік концертте алғашқы сөз кезегін алды. О.Жандосов атындағы орта мектебінің Бала құқығын қорғау өкілі Базарбек Ляззат «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында баяндамамен таныстырды. Іс - шара өз жалғасын «Толағай» отбасылық спорттық сайыс пен «Балдаурен» мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысы мен «Көгалдандыру бригадасы» жұмысын тамашалау арқылы өз жалғасын тапты. Сурет салуға бейім оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, үздік атанған оқушыларға сый сияпат беріліп , мерекелік көңіл күймен жалғасын тапты.
https://www.instagram.com/p/C8HxyHKy7NG/
https://www.instagram.com/p/C8HxyHKy7NG/