01
июнь
2024
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке.
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.
Бір ғасырдан астам тарихы бар мерекені тәуелсіз қазақ елі де, жыл сайын азаматтық борыш пен атап өтеді.
Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мереке. Себебі, баланың қуанғанынан, оның шат күлкісінен артық ештеңе жоқ.
Сондықтан оларға сапалы білім, жақсы тәрбие беру – бізге міндет.
Үлкендер жағы тек дәл бұл күні ғана емес, жыл он екі ай бүлдіршіндеріміздің қорғаны болып, олардың балалық шақтарын қуаныш пен бақытқа толтырудан шаршамасын.
Балаларды қорғау күнінде әрбір балаға берік отбасы және алаңсыз балалық шақ тілеймін!
Біздің жеріміздің әрбір кішкентай тұрғындары сау және бақытты ғұмыр кешіп, күлкілерімен әлемді нұрландыра берсін!
Балаларымыз әрқашан үлкендер мен ата-аналарды сыйлап, өздерінің тәтті қылықтарымен қуантып, еліміздің мақтан тұтатын азаматтарына айналсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Алматинская областьның әкімі М. Сұлтанғазиев
https://www.instagram.com/p/C7qhjz7CFH5/?img_index=2