01
июнь
2023
1- маусым - "Балаларды қорғау күні" құтты болсын!
1- маусым - "Балаларды қорғау күні" құтты болсын! Бұл мереке әрқашан қуанышты күлкіге, сыңғырлаған күлкі мен көңілділікке толы. Балалар - біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе, біз оларға бар жылуымызды, бар махаббатымызды береміз. Жылдағы дәстүр бойынша Мереке күніне орай балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында балаларға арналған концерттік бағдарлама, әртүрлі суреттер салу бойынша байқаулар өткізілді. Сонымен қатар, Әйтей ауылдық округінің әкімдігі, ата ана, мектеп мұғалімдері арасында демеушілер тарапынан 700 ге жуық кішкентай бүлдіршіндерімізге тегін балмұздақ тарту етілді.