“Тіл білімінің атасы” тақырыбында эссе байқауы
5 қыркүйек тіл мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында “Тіл білімінің атасы” тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сай аталған сынып білім алушылары үш тілде берілген тақырып бойынша эссе жазды. Жазба жұмысында білім алушылар ұлттың ұлы ұстазы, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы үшін алатын орны ерекше екендігін атап өтті. Білім алушылар өз замандастарын ана тілін қадірлеп, өз туған жеріне қызмет етуге шақырды.