Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Жалғанда ұстаз көрмеген, я мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға кемде-кем шығар. Ал осынау мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген алғыс-ризашылық шексіз. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы», – деген Ғафу Қайырбековтің өлең жолдары соған дәлел болса керек. “Ұстаз- ұлы тұлға” челленджін 11 “А” сыныбы 11 “Ә” сыныбына жолдайды.