03
апрель
2019
«Латын әліпбиі- ұлт тұтастығының негізі»
2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – десе, ал 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.
Иә, Президент айтқан ұлттық кодты сақтау, ең бірінші, біздің қазақ екенімізді анықтайтын, жан дүниеміздің айнасы – ана тілімізді сақтау керек. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дегенді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Ал, тіл тағдыры тікелей сол ұлт пен ұлт басындағы рухани толысқан тұлғалардың қолында деп топшыласақ, Елбасы осы үрдістен шығып отыр. Халқының үлкен жанашыры ретінде ана тілімізді сақтаудың бір жолы ретінде әліпбиді латын қарпіне көшіруді ұсынды. Латын әліпбиіне көшу тиімді екені айдан анық. Осыған байланысты Мектебімізде «Латын әліпбиі – ұлт тұтастығының негізі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Облыстық дөңгелек үстелде Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жұрын Рая Әкішханқызы және Саяси ғылымдарының докторы, доцент, «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Орталығы филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы қатысты. Дөңгелек үстел басында латын әліпбиінің тиімді тұстары айтылып, жан – жақты талдау жасалды. Ауданымыздың мектептерінен мұғалімдер қатысып, өз ой пікірлерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтып өтті. Дөңгелек үстел соңында белсене қатысқан ұстаздарды құрмет грамотасымен марапаттады.