Қамқоршылық кеңес » Б.Қосынов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
декабрь
2018

Қамқоршылық кеңес

Хаттама № 3
«Б.Қосынов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесінің жалпыға білім беру айлығында жүргізген жұмысы туралы хаттама

07.12.2018ж Әйтей ауылы Қатысушылар:

1. Қамқоршылық кеңес төрайымы: Ж. Сикымова
2. Қамқоршылық кеңес мүшесі - Б. Құланшиева
3. Қамқоршылық кеңес мүшесі – А. Нурабаева А
4. Қамқоршылық кеңес мүшесі – А. Байдаулетова
5. Қамқоршылық кеңес мүшесі – Г. Утепбергенова
6. Қамқоршылық кеңес мүшесі – М. Альпенов
7. Қамқоршылық кеңес мүшесі – Н. Ергазиев
8. Қамқоршылық кеңес мүшесі – Р. Бердигалиев
9. Қамқоршылық кеңес мүшесі – Н. Кулахметова
10. Қамқоршылық кеңес хатшысы, оның іс-қағаздарын жүргізуші қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Догарова
11. Мектеп директоры: Д.Б. Саусакбаев
12. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – З.Умбетаева.
13. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – С. Кулжабаева
14. Әлеуметтік педагог: К. Кенжетай
15. Мектеп писхологы: Н. Сқақова

Күн тәртібінде:
1. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсету.
2. Оқу процесінде үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсету.
3. Мектеп маңдайшасындағы жазуды ауыстыру
4. Мектептегі жетім, жарытай жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерінің киімін алып беру, сыйлықпен қамтамасыз ету.

Тыңдалды:
Әлеуметтік педагог К. Кенжетай 1 апта бұрын Қамқоршылық кеңес отырысына шақыру туралы шақыру қағазын, күн тәртібімен қоса жібергенін айтып, Қамқоршылық кеңес слайдымен таныстырып, Қамқоршылық туралы заңға енгізілген өзгертулер мен жаңартулар туралы айтып өтті.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Сикымова Жанар ханым
Қамқоршылық кеңес қызметінің және оның атқарған жұмысы туралы таныстырды, мектептің барлық жұмыстары тыңғылықты және уақытымен атқарылатыны туралы айтты. Бірінші мәселе бойынша әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға демеуші ата аналар тарапынан қыстық киімдермен қамтамасыз етуді қолға алу керек деген ұсыныс тастады.
Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Құланшиева Бақыт ханым оқушылармен әсіресе олардың ата-аналарымен тығыз қарым қатынас орнатсақ, әр оқушыға мұғаліммен бірлесіп, қосымша сабақтар өткізсек деген ойда екендігін жеткізді.
Үшінші мәселесі бойынша Альпенов Медет мырза өз тарапынан демеушілік жасап ауыстырып бере алатындығын жеткізді. Алайда, мектеп директоры Саусакбаев Даурен Болатұлы келесі оқу жылында жаңа мектепке ауысатындығымызды жеткізіп, мектеп маңдайшасындағы жазуды ауыстырудың қажет емес екендігін айтты. Оған кеткен ақшаны мұтаж оқушыларға үнемдей алатынымызды жеткізді.
Төртінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог «Жетім көрсең жебей жүр!» атты мектеп мұғалімдері арасында қарқоршылық акциясын өткізгендігін айтып, қорда жиналған суммаға тұл жетім балаларға жаңа жылдық сыйлықтар алуды ұсынды. Және Әйтей ауылдық акиматының маманы Утепбергенова Гульмира ханым да сөз алып, ауылымыздың кәсіпкерлер тарапынан демеушілер тартып, қалған аз қамтылған, жартылай жетім, көпбалалы отбасылардың балаларына киімдер және сыйлықтар алуды ұсынды.

Ұсыныс:
5 Қамқоршылық кеңес отырысында қарастырылған мәселелер жасалынсын.
6 Мектеп демеушілерінің қамқоршылық акциясына қатыстырылуы жандандырылсын.


Қамқоршылық кеңес төрайымы, Ж. Сиқымова
Қамқоршылық кеңес мүшесі,
ауыл әжелер кеңесінің төрайымы: Б. Куланшиева
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі,
мектеп демеушісі М.М.Альпенов
Қамқоршылық кеңес хатшысы Г.Догарова
ДТІЖО З.Умбетаева
Қамқоршылық кеңес мүшесі,
Айтей ауыл акиматының маманы: Г. Утепбергенова

Қамқоршылық кеңес

 

Қамқоршылық кеңес

 

Қамқоршылық кеңес

 

Қамқоршылық кеңес

 

Қамқоршылық кеңес

 

Қамқоршылық кеңес

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив