Тіл-құндылық" атты республикалық байқаудың қорытындысы » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тіл-құндылық" атты республикалық байқаудың қорытындысы
13
май
2023

Тіл-құндылық" атты республикалық байқаудың қорытындысы

Қ.Р Оқу ағарту министрлігінің қолдауымен орта білім беру ұйымдарының оқушыларының арасында өткен "Тіл-құндылық" атты республикалық байқаудың қорытындысы бойынша 2023жылдың 12мамыр күні Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бас ғимаратында марапаттау рәсімі өтті. Алматы облысы бойынша барлығы 21оқушы үздік деп танылып, рәсімге қатысып грамоталарымен марапатталды. Үздіктер қатарында "Көркем ойдың кемеңгері" номинациясына ие болған Б. Қосынов атындағы орта мектебінің 10"В"сынып оқушысы Калбаева Хадиша ұлттық құндылықтар академиясы профессорының қолынан аталым грамотасымен бірге Алматы кітап баспасының Әлемнің ұлы кереметтері"атты кітабын сыйға алды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Айнаш.
Арнайы ұйымдастырылған марапаттау рәсімінде ұлттық құндылықтар академиясының академик профессорлары Оразбаева Фаузия Шамсиқызы, Дәулетбекова Жанат Тұрарбекқызы, академияның басқарма төрағасы Әділхан Төлегенұлы Дүйсебек сөз сөйледі.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректорлары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Әлиқызы Осман, бірқатар проффесорлар марапат иелеріне жүрек жарды тілегін білдірді. Арнайы шақырылған Құрманғазы атындағы консерваторияның әншілері домбырамен ән шырқады.Белгілі күйші Абдулхамит Райымбергенов өзі шығарған "Секіртпе" күйін орындап берді.
Байқауға Алматы облысының оқушылары көп қатысқаны үшін Алматы облысының бас әдіскеріне алғыс айтылды.
Елдікті, ұлтты сақтау үшін, ол ана тіліне байланысты рухани құндылықтарды сақтау, өз тіліңде сөйлеу. Бұл бәйге қазақ тілі жанашырларын біріктіріп, қазақ тілі үшін күрескен үлкен қозғалыс болды. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруде үлкен іс шараны ұйымдастырған "Ұлттық құндылықтар академиясына" алғыс айтамыз.
[media=https://www.instagram.com/p/CsN1byfMUdO/]
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив