18
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Айнаш "МИФ" бірлестігі мұғалімдерімен Қырғызстанның үздік жазушысы Мұрат Әбдікерімнің "Шегемдік қыз" атты әңгімесін талдады.
Қаңтар айының он сегізінші жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Айнаш "МИФ" бірлестігі мұғалімдерімен Қырғызстанның үздік жазушысы Мұрат Әбдікерімнің "Шегемдік қыз" атты әңгімесін талдады. Бірлестік топқа бөлініп,"Хикаят картасы"әдісі арқылы оқиғаның басы мен ортасы, аяғын бөліп алып,топта бір-біріне әңгімелеп, плакатқа оқиғаны бейнеледі. Әр топ бейнелеген оқиғасы арқылы әңгімені толықтай мазмұндап шықты. Әңгіменің идеясы, көтерілген мәселесі, құндылықтар, оқырманға қандай ой салады деген сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды. Барлық адамзатқа ортақ адамгершілік, мейірім, ізгілік сияқты құндылықтар әңгіменің басты өзегі екені айтылды. Көпшілік кітап сүйер қауымға арналған бұл кітаптың тәрбиелік маңызы зор!
[media=https://www.instagram.com/p/CnjS79gDJVe/]
[media=https://www.instagram.com/p/CnjS79gDJVe/]