10
ноябрь
2022
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер мырзамен кездесу кешін ұйымдастырды
Бүгін Б. Қосынов атындағы орта мектебімізде “Адамды адам еткен — кітап, адамзат еткен — кітапхана” тақырыбында өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер мырзамен кездесу кешін ұйымдастырды. “Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады”,-демекші, ақын өмірі мен шығармашылығын дәріптеген Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.М.Кутумова оқушылар оқыған шығармаларымен ой салатын , ұтымды жауап , құнды пікір алатын сұрақтар қойып, тақырыптың мәнін аша түсті. Өз кезегінде ақын ағамыз Саят Қамшыгер “Әке” атты арнау өлеңін оқып, көңілге ой салдырып, өнерін паш етті. Өлеңмен үндескен мектебіміздің өнерлі жастары орындаған ән де, жас бүлдіршіндеріміздің керемет көрсеткен “Көбелек” биі де кеш көркін аша түскендендей!
…Оқырманмен байланыс, оқушыға бағдар, өмірге көзқарас, ерлік, білім, еңбек , отбасы құндылықтары тақырыбында өрбіген әңгіме екі жарым сағатқа созылды. Уақытты ұтымды, мағыналы өткіздік деген алғыспен аудандық кітапханашылар бірлесе сыйлықтарымен алмасты. Оқушылар мен оқырмандар, мектеп кітапханашылары Айман апай мен Гульзира апайымыз ұйымдасқан іс-шараның негізін салса, жас өрендер өз сұрақтарымен бөлісті. Сөз соңында мектеп директоры С.Д. Болатұлы өз ойымен бөлісе келе кітап оқу-жан азығы екенін айта келе жеткіншектерге ғана емес, әріптестеріне де көп әдеби шығарма оқу керек екенін баса айтып, ұсынысын білдірді.
Осы кеште өз уақытын бөліп келген Саят Қамшыгер мырзаға алғысымыз шексіз, еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз!
[media=https://www.instagram.com/p/CkvL6GED0-Q/]