22
август
2022
"Білім алушының білім сапасын арттыруға бағытталған сабақты зерттеу моделін жүзеге асыру тәжірибесінен тақырыбында конференция
22 тамыз күні "Білім алушының білім сапасын арттыруға бағытталған сабақты зерттеу моделін жүзеге асыру тәжірибесінен тақырыбында конференция өтті. Мақсаты:Сабақты зерттеу моделін жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісу. Конференция Ы.Алтынсарин атындағы ОМ да болды. Модератор: аудандық білім беру бөлімінің әдіскері - Нұрғазы Айнұр. Қатысушылар: "Ағартушы" кәсіби қоғамдастығының мүшелері, жетекші мектеп, серіктес мектептерінің координаторлары, жетекші мектеп әдіскерлері қатысты. Кіріспе сөзде Нұрғазы Айнұр 2022-2023 оқу жылында "Ағартушы" кәсіби қоғамдастығы жұмысының ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Сәтпаев атындағы орта мектеп координаторы Б. Сагадиева " Білім алушылардың сыни ойлау дағдысын дамытуда сабақты зерттеу моделін қолданудың тиімді жолдары тақырыбында коучинг өткізді. Тәрбие үдерісін сабақты зерттеу үдерісімен ұштастыру ерекшеліктері тақырыбында М.Бейсебаева атындағы орта мектеп координаторы Қ.Изтилеуова тренинг өткізді. Сабақты зерттеу үдерісінің табыс критерийлері тақырыбында Абай атындағы ОМГ, жетекші мектеп координаторы А.Абишева панельдік сессия өткізді. Қорыта келе 2022-2023 оқу жылында сабақты зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін жоспар құрылып, зерттеуге 4,5,8 сыныптарды алу ескертілді.
[media=https://www.instagram.com/p/Chlue9PjvSn/]
[media=https://www.instagram.com/p/Chlue9PjvSn/]