Білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулы » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулы
19
апрель
2022

Білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулы

№ 20 от 19.04.2022
Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау     министрлігі
БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ  ДӘРІГЕРІ
 Министерство
здравоохранения
Республики Казахстан
ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ
202жылғы 19 сәуір № 2019 апреля 2022 года № 20
         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                       город Нур-Султан
Білім беру объектілеріндегі
шектеу іс-шаралары туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының             7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқу жалғастырылсын.
2. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі төмен және орташа) аймақтардағы өңірлерде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында маска кию режиміне, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға,  педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісіне (байланыссыз термометрмен термометрия), кабинеттік оқыту жүйесіне қойылатын талаптар алып тасталсын. 
3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары білім беру объектілерінде:
1) рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен;
2) үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуге, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтауды;
3) асханалардағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) аймаққа ауысқан кезде білім беру объектілерінде:
- маска кию режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды және күнделікті «кіру» сүзгісін (байланыссыз термометрмен термометрия) өткізуді;
- «Ashyq» қосымшасы арқылы QR-код (check-in) бойынша тіркелу кезінде «көк» және «жасыл» мәртебесі бар педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына кіруге рұқсат етуді;
- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін алып тастауды;
- көпшілік іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.) өткізуге тыйым салуды;
- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салуды;
- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) бөлек ұстауды;
- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыруды;
- осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшалардың талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін.
5. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысына 9-қосымшаның талаптарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында, колледждер мен жоғары оқу орындарында карантин енгізуге сараланған тәсілді қамтамасыз етсін.
6. Мыналардың:
1) «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының;
2)  «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №8 қаулысының;
3) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысының 1-тармағының; 
4) «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №13 қаулысының;
5)  «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №18 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Бас мемлекеттік 
санитариялық дәрігері                                                     А. Есмағамбетова

 
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «19» сәуірдегі
№ 20  қаулысына
1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылатын талаптар
  1. Жалпы ережелер
1.Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
  1. сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сыныптарда білім алушыларының барынша бөлек ұстауды қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
2) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
2.Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1)  әр қабатта қолжетімді жерлерде  және санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар және персоналдар қолдарын өңдеуі үшін тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;
2) санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар және қызметкерлер үшін дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;
3) профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;
4) қажетті жабдық және медициналық дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, шпатель, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар (ауырған адамдар анықталған жағдайларға оқшаулау, қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, температураны күн сайын өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция (жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдарды анықтау үшін) жұмыс істейді;
3. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің форматы (штаттық, аралас, қашықтықтан) Ведомствоаралық комиссияның шешімімен және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалады;
4. Білім беру ұйымдарында оқытуды штаттық және аралас форматта ұйымдастыру кезінде физикалық байланыстардың қысқаруымен ауысымдар мен кіші ауысымдардың саны артады.
5. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының ережелеріне сәйкес   шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен мынадай:
1 ) білім беру объектілері үй-жайларының толтырылуына (адамдардың кабинеттерде, корпустарда, аудиторияларда, спорт, акт залдарында, сыныптарда, топтарда, асханаларда бір мезгілде болуы);
2) білім алушылардың, педагогтардың және персоналдың контингентіне;
3) көпшілік пайдаланатын орындарды пайдалануды шектеуге (оқу залдары, спорт және акт залдары);
4) интернаттар мен жатақханалардың толтырылуына қойылатын шектеу шаралары айқындалады.
6. Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар, педагогтар мен персонал көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулауды жүзеге асырады.
7. Білім алушыларды білім беру ұйымына және одан кері үйлеріне жеткізуді ұйымдастыру кезінде жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен жабдықталады, жұмыс аяқталған соң кейіннен желдете отырып, автокөліктің салонына дезинфекция жүргізу қамтамасыз етіледі.
2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар
8. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинау үшін, білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеу үшін дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорымен қамтамасыз етеді.
9. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарға рұқсат етіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде қолданылады.
10. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі бойы сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
11. Үй-жайларды үнемі желдету оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастырушылық процестер мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. 
12. Жанасатын беткейлерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, кабинеттерді, аудиторияларды, ортақ пайдаланылатын орындарды (спорт, акт залдары, кітапханалар, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар, себезгі және тұрмыстық бөлмелер және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
13. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.
14. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуі және сақталуы тиіс.
3. Білім алушылардың тұру жағдайларына қойылатын талаптар
15. Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында тұру санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жобалық қуатқа сәйкес жүзеге асырылады.
16. Интернаттың, жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды қосымша құю үшін дезинфекциялау ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
4. Жекелеген білім беру ұйымдарында болу режиміне және сабақтарға 
қойылатын талаптар 
17. Ерекше білім беру қажет етілетін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда және басқаларында мынадай:
1) білім алушылардың мектеп-интернатта тұруы үшін бір мезгілде келуі;
2) білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ауысымға түсетін педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау;
3) ауысымдарды және кіші ауысымдарды арттыру, дененің жанасуын азайту талаптары сақталады.
18. Арнайы білім беру ұйымдарында (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, оңалту орталықтарында сабақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.
19. Ерекше білім беру қажет етілетін балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесс белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, кіші топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
20. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазу бойынша қызметті жүзеге асырады.
21. Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі штаттық режимде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
             Контингент, кесте, жұмыс кестесі ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
22. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жекелеген білім беру ұйымдарына да осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.
5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.
 

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «19» сәуірдегі
№ 20  қаулысына
2-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
  1. Жалпы ережелер
1. Білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінде (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар орнатылады. 
2. Асханаға кіреберісте және түстену залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.
3. Асхана тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатына сәйкес толтырылады.
4. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету түрі бойынша тарату жүргізілмейді.
5. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, педагогтар құрамына және білім беру объектісінің қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.
6. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі.
2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар
7. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне (тазарту, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізеді. 
8. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.
9. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.
10. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақталып қолданылады.
11. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
12. Дезинфекция үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
13. Дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препараттың нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтаған жөн.
14. Объектілерді дезинфекциялау мынадай жиілікпен жүргізіледі:
- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері – күніне кемінде 2 рет таңертең және кешке, сондай-ақ қажеттілігіне қарай;
- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы – күніне кемінде 2 рет;
- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерінің су ағызатын тетігі) – күніне кемінде 2 рет.
15. Жанасатын беткейлерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, таяныштарды және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (жұмыс ауысымы 6 сағаттан артық болған кезде - әрбір 6 сағат сайын) есік тұтқаларын, таяныштарды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), тамақтану залына (асханаға) кіреберістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын, санитариялық тораптарды, себезгі және тұрмыстық бөлмелерді дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі.
16. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей  жүргізіледі.
 Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «19» сәуірдегі
№ 20  қаулысына
3-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі 
білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
  1. персоналға арналған санитариялық тораптарда педагогтардың, персоналдың қолын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;
  2. топтық санитариялық тораптарда тәрбиеленушілер үшін дозаторларда сабынның болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;
  3. топтарда тәрбиеленушілердің қолдарын уақтылы жууды бақылау жүзеге асырылады;
  4. медициналық кабинеттер жұмыс істейді;
  5. профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялай отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.
2. Сабақтар мен демалыс режимі мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) серуендеу мен ойын сабақтарының уақыты барынша бөлуді және топтық оқшаулауды қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді;
2) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
3) залдарды тұрақты желдету қамтамасыз етіледі (жыл уақытын ескере отырып).
3. Дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды ойнауға арналған оқшауланған алаң болмаған жағдайда көшеде өткізуге (тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастыруға) жол берілмейді.
4. Білім алушыларды білім беру ұйымына және одан кері үйлеріне жеткізуді ұйымдастыру кезінде жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен жабдықталады, жұмыс аяқталған соң кейіннен желдете отырып, автокөліктің салонына дезинфекция жүргізу қамтамасыз етіледі.  
5. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, жанасатын беткейлерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланатын орындарды (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, топтарды вирулицидті әсер ететін дезинфекциялық құралдармен күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау керек.
6. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.
Согласовано
19.04.2022 16:35 Рахимжанова Марал Тлеулесовна
19.04.2022 16:36 Тилесова Айгуль Шарапатовна
19.04.2022 16:42 Ширинбекова Рита Абдукасымовна
19.04.2022 18:37 Садвакасов Нуркан Олжабаевич
Подписано
19.04.2022 19:20 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив