ҰБТ-2022: Тест тапсыру кезінде кімдерге қосымша уақыт беріледі » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-2022: Тест тапсыру кезінде кімдерге қосымша уақыт беріледі
28
декабрь
2021

ҰБТ-2022: Тест тапсыру кезінде кімдерге қосымша уақыт беріледі

Ұлттық тестілеу орталығы ерекше күтімді қажет ететін талапкерлер үшін бірқатар шара қабылдады. 2022 жылы көру, есту, тірек-қимыл қызметі бұзылған талапкерлерге тест тапсыру кезінде қосымша 40 минут беріледі.

Олар 4 сағат 40 минут (яғни 280 минут) бойы ҰБТ тапсыра алса, басқа талапкер үшін белгіленген уақыт 240 минутты құрайды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
"Біз өз жұмысымызда талапкерлердің мүдделерін басты орынға қоямыз. Сондықтан ҰБТ-ны жылына бірнеше рет өткізіп келеміз. Тест тапсыру барлық талапкер үшін қолайлы болуын қарастырып жатырмыз. Сол себепті ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлер үшін тест тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар талапкерлерге арналған тапсырма мазмұнына да өзгерістер енгізіледі. Олар үшін сурет, диаграмма және сызба жоқ тест тапсырмалары әзірленді. Біраз бұрын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай тапсырма берген болатын.
"Бұл өзгерістер олардың ҰБТ тапсыруын айтарлықтай жеңілдетеді", - деп түсіндірді Емелбаев.
Сондай-ақ келесі жылы тестілеу "1 компьютер – 2 камера – 1 тест тапсырушы" қағидасы бойынша өтеді.
Оқуға түсуге үміткер отырған орында негізгі камерадан бөлек оның қозғалысын тіркеу және дыбысты жазуға арналған қарсы камера орнатылады. Қарсы алдыдағы камера талапкердің жеке тұлғасын анықтап, ҰБТ-ға басқа адамның кіруіне жол бермейді. Сондай-ақ бұл емтихан тапсыру барысын бақылау және тестілеудің әділ өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.
ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да заң бұзушылықтар анықталған жағдайда талапкердің тест нәтижесі жойылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылы да электронды форматта өтеді. Талапкерлер дәстүрлі түрде үш міндетті пән – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив