Aқпараттандыру бойынша жылдық жұмыс жоспары » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2023

Aқпараттандыру бойынша жылдық жұмыс жоспары

Бекітемін

Мектеп директорыны

Саусакбаев Д.

қыркүйек 2023 жыл


«Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ ақпараттандыру бойынша жылдық жұмыс жоспары


2023-2024 оқу жылы

АҚПАРАТТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Негізгі мақсат:

– мектептің оқу-тәрбие процесінде компьютерлік техниканы, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны қолдану тұрғысында сапалы жаңа деңгейге көшу және өсіп келе жатқан ұрпақты осы білім беру деңгейі базасында көтеру.

Соңғы бірнеше жылда қоғам өмірінде арнайы компьютерлер мен ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі мен орнына түпкілікті өзгеріс енді. Технологиялар мен ақпаратты шебер, тиімді меңгерген адамда ойлаудың басқа, жаңа стилі қалыптасқан, пайда болған проблемаларды бағалауда, өзінің қызметін ұйымдастыруда түбегейлі басқаша қарайды. Практика көрсеткендей, жаңа ақпараттық технологияларсыз қазіргі заманғы мектепті көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Білім беруді ақпараттандыру мекеме дамуының өзекті бағытының бірі ретінде білім беруде қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарын қолдану мүмкіндігін, білім беруде оқыту, тәрбиелеу, басқару дәстүрлі процестерінің, сонымен қатар мектептің білім беру мазмұнын жаңартуды дамыту міндеттерін, білім беру процесінің технологиялары және білім беру ортасы қасиеттерінің тиімділігін көтеруді қамтамасыз етеді.


Міндеттері:

1.     Мектептің ақпараттандыра білім беру кеңістігін кеңейту;

2.     АКТ саласындағы педагогикалық және басқарушы мамандардың біліктілігін арттыру ісін жалғастыру;

3.     Оқу-тәрбие үдерісінде АКТ қолданумен оқытудың жаңа әдістерін енгізу;

4.     Оқушылардың АКТ құзыреттілігі деңгейін арттыру ісін жалғастыру;

5.     Басқарушылық іскерлігіндегі АКТ қолдану нәтижелігін арттыру.

Мектепті ақпараттандырудың басты бағыттары:

  1. Оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыру;
  2. Басқару ісін ақпараттандыру;
  3. Тәрбие ісінде  ақпараттық  технологияларды қолдану;
  4. Мектептегі педагогикалық мамандардың, басқа да басқарушы мамандардың, басқа қызметшілердің АКТ құзыреттілігін арттыру;
  5. Мектепті ақпараттандыру үдерісін әдістемелік алып жүру.


Бағдарламаның маңызды мақсатты индикаторлары және көрсеткіштері:


–  мектепте оқыту процесінде қолданылатын қазіргі заманғы компьютерлік техникалар санын көбейту;

–  әртүрлі деңгейдегі сараптаулар жүргізу арқылы мультимедиялық электронды сабақтар құруда пән мұғалімдері мен үміт артуға болатын оқушыларды тарту;

– жобалау қызметіне және әртүрлі, соның ішінде Интернет арқылы конкурстарға қатысуға оқушыларды тарту.


Бағдарламаларды іске асыру мерзімі мен кезеңдері


ШАРАЛАР

МЕРЗІМДЕРІ

ЖАУАПТЫЛАР

1

Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқушыларды оқытуды жүзеге асыру 

Жыл бойы

Пән мұғалімдері

2

«Білім беру ұйымдарына қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету арқылы 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау (E-GOV мемлекеттік порталы) 

Жыл бойы

Хатшы-іс жүргізуші

3

Компьютерлік технологиялар саласында мектептің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру 

Жыл бойы


Әкімшілік -

Қалданов Б.

4

Компьютерлік қолдау арқылы жүргізілетін сабақтар үшін материалдар дайындайтын пән мұғалімдеріне консультациялық, техникалық және әдістемелік көмек көрсету

Тұрақты

Әкімшілік– Қалданов Б.

Информатика мұғалімдері;

5

 Мүмкіндігінше және қажетінше жаңа техникалық  және  бағдарламалық қамтылуды қамтамасыз ету

Оқу жылы ішінде

Әкімшілік

 Қалданов Б.

6

Мектептің веб сайытында ақпараттарды жүйелі жаңарту 

Үнемі

Қалданов Б.

7

Білім беру сайыттарына, әлеуметтік желілерде ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, мақалалар жариялау

Үнемі

Пән мұғалімдері,

Қалданов Б.

8

Білім беру процесіне пәндер бойынша электронды оқулықтар мен бағдарламалы-педагогикалық құралдарды енгізу

Жыл бойы

Пән мұғалімдері,

әкімшілік

9

ҰБДҚ(НОБД) базасын және мектеп оқушыларының базасын жаңарту 

Тұрақты

Қалданов Б.

10

Педагогикалық бағдарламалық құралдарды әзірлеу (тұсау-кесерлер, электрондыкурстар және т.б.) 

Жыл бойы

Пән мұғалімдері

11

Білім беру қызметінде физикалық факторлар көздерімен (компьютерлер мен бейнетерминалдар) еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау.

Жыл бойы

Қалданов Б.

Информатика мұғалімдері;

12

«Күнделік» бірыңғай электрондық білім беру ортасындағы жұмыс:

1. Жаңадан келген мұғалімдерді «Күнделік»  жұмыс нұсқауларымен және ережелерімен таныстыру

Жыл бойы

Қалданов Б.

2.«Kүнделік» электрондық журнал үшін логиндер мен парольдерді қалпына келтіру

3.«Күнделік» ЭЖ оқу жылына дайындау (қолданушыларды жаңарту, пәндерді қосу, кесте құру және т.б.)

4.Оқушылар туралы ақпарат қосу, 1 сынып қалыптастыру, топқа бөлу, КТЖ енгізу

5. «Күнделікпен» ЭЖ жұмыс жасайтын мұғалімдер мен ата-аналарға мониторинг жүргізу

6.«Kundelik.kz» ЭЖ толтырудың уақтылығын бақылау

7. «Daryn Online» оқу порталын пайдалану үшін мектеп мұғалімдері мен оқушыларының логин, паролдарын алу және таратып беру;

13

Пайдаланудан шыққан және / немесе қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін компьютерлік техниканы есептен шығару.

Жыл бойы

Қалданов Б.

Директордың Шаруашылық орныбасары



Директордың ақпараттық ісі орынбасарлары: Қалданов Б.

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив