15
сентябрь
2023
6”Г”сынып ата-аналарына сынып жетекшісі Абишева Айнаш “Ел құндылығы-отбасы тәрбиесінде” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді
15.09.2023ж сағат 11.00-де Б. Қосынов орта мектебінің 6”Г”сынып ата-аналарына сынып жетекшісі Абишева Айнаш “Ел құндылығы-отбасы тәрбиесінде” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста мақсаты мен күн тәртібі айтылды. Ата-аналарға психологиялық тренинг өткізілді. Қызыл және сары түймедақ гүлі таратылып, әр ата-ана балаларының жақсы қасиеттерімен бөлісті. Ситуациялық сұрақтар қойылып, бала тәрбиесіне қалай көңіл бөліп жүргендерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбие отбасынан басталады. “Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле” демекші әр ата-ана өз балаларының бойына ұлттық құндылықтар мен отбасы құндылықтарын қалай дарытып жатқандарын айтып өтті. Сонымен қатар әр түрлі мәселелер қаралды. Мектеп пен ата-ана арасындағы келісімшарт, сабақтан себепсіз қалмау, мектеп формасын сақтау туралы,оқушылардың үлгерімі туралы айтылды. Ата-аналар: “Мектеп-ата-ана-ұстаз арасындағы тығыз қарым-қатынастарды сақтаймыз” -деп кері байланыстарын берді.
[media=https://www.instagram.com/p/CxP1U4isnDp/?hl=en]
[media=https://www.instagram.com/p/CxP1U4isnDp/?hl=en]