06
сентябрь
2023
“Ата -ана қадірі”, “Бала тәрбиесінде ата -анаға ескерту”
5.09.2023 жылы Б. Қосынов атындағы орта мектептің 9”А”сыныбында ата -аналар жиналысы өтті. Жиналыс “Қалай амандасамын” тренингімен басталды. Тренинг аналарға қуаныш сыйлады. “Ата -ана қадірі”, “Бала тәрбиесінде ата -анаға ескету” деген бейне жазбалар көрсетіліп, оқушы мен ата -ана арасында пікірталас жүргізілді. “Мен баламды жақсы білемін” тақырыбында ойын жүргізілді. Ойын ережесі бойынша аналар өз балаларының жазуын тану керек. Баласымен тығыз қарым-қатынастағы ата -аналар өз баласының жазу дәптерін тез тауып, балаға да, өзіне де қуаныш сыйлады. Оқушы, ата-ана, мұғалім арасында тақырып бойынша пікірталас жүргізіліп, талдау жасалды. Жиналыс соңында ата-аналар мен оқушылар бір -бііріне жақсы тілектер айтып, қорытынды жасалды.
[media=https://www.instagram.com/p/CxP09jYsLTt/?hl=en]
[media=https://www.instagram.com/p/CxP09jYsLTt/?hl=en]