22
September
2022
Б.Қосынов атындағы орта мектебімізде 6-«В» сыныбында Қазақ тілі пәнінен Кутумова Эльмира Молдағожақызы: «Ұлттық құндылықтар—ел қазынасы» атты ашық сабақ өтті.
Б.Қосынов атындағы орта мектебімізде 6-«В» сыныбында Қазақ тілі пәнінен Кутумова Эльмира Молдағожақызы: «Ұлттық құндылықтар—ел қазынасы» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың басында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар тақырыбын аша білді. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде халқымыздың «Шашу» дәстүрі бойынша екі түсті кәмпит шашылып, қызылы-сұрақ, жасылы-жауап ретінде белгіленіп, тыңдалым материалымен жұмыс барысында негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табуға қолданылды. Тақырып бойынша Қ. Ахметжанов оқыған «Бесік жыры» туралы мәтін сабақ мазмұнын аша түсті. «Мәңгілік ел» жалпыұттық идеясы бойынша оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артып, ұлтжандылық пен азаматтық жауапкершілікке деген дағдыларын қалптастастыра білді. Оқушылар өзін-өзі бағалауға берген оюлы текшемен дескриптор бойынша өз білімдерін көрсетті. Сабақ барысындағы білім алушылардың ойлары мен кері байланыстары «Қамшылау» әдісі арқылы өте ұтымды шықты. Намыстарын қамшылаған жас ұрпақ белсенділігі сабақтың соңында уақытты ұтымды пайдаланудың арқасында «Бәйге» әнімен көңілді аяқталды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, сабақ мазмұнына мән берген ұстаздың жас мамандардан алған алысы мол болды! Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!
[media=https://www.instagram.com/p/Ciz43ysjeIR/]
[media=https://www.instagram.com/p/Ciz43ysjeIR/]