«Мәңгілік ел тірегі - Жастар» жас мамандар апталығы » Б.Қосынов атындағы орта мектеп
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » «Мәңгілік ел тірегі - Жастар» жас мамандар апталығы
03
April
2019

«Мәңгілік ел тірегі - Жастар» жас мамандар апталығы

«Мәңгілік ел тірегі - Жастар» жас мамандар апталығына жоспар құрылып, сол жоспар негізінде іс – шаралар ұйымдастырылды. 28.01 апталықтың ашылу салтанаты болды. Апталық жас мамандар және 10,11- сынып оқушылары өздерінің топтарын таныстыруы және мектеп психологы Н.Сқақованың тренингімен басталды. Сонымен қатар, елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы әр бөлімге жеке – жеке тоқталып, талдау жасалды. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында» демекші, жастар еліміздің болашағы.

28.01 күні «Қысқа мерзімді жоспарлау тиімділігі мен ерекшелігі тақырыбында» дөңгелек үстел өтті. Жас мамандар өздерінің сабақтарына дайындайтын қысқа мерзімді жоспарларын ортаға салып, бір- бірімен тәжірибе алмасып, ой бөлісті. «Оқушының жетістігі- мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында эссе байқауы болды. Жас мамандар тақырыпты ашуға тырысқан. Практика жүзінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдеріне тоқталып, оның өз пәнінде қолданудың тиімді тұстарын да атап көрсеткен. Best эссе деп танылған Утешова Маржан, Садубай Гүлден, Қайрат Жанерке, Кенжетай Камиланың жұмысы болды. Бұл эссе иелері мақтау қағазымен марапатталды. Осы апталықта жас мамандар ашық сабақ берді. Сауат ашудан 1 «А» сыныбында «Ж дыбысы мен әрпі» тақырыбында өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Қалыптастырушы бағалау болды.
Топтық жұмыс Рефлексия

29.01 күні Қалмұратов Қалихан 7 «Ә» сыныбында география пәнінен «Топырақтың экологиялық проблемалары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта топтық тапсырмалар болды. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану керек. Жас маманның алғашқы сабағы, алдағы уақытта жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын.

29.01 күні Утешова Маржан физика пәнінен 8 «Б» сыныбында «тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ бастамас бұрын жағымды ахуал қалыптастырды. Аквариумдағы алтын балық алу арқылы армандарын айтты. Оқушылар жақсы көңіл-күймен сабаққа қатысты. Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылғандықтан уақытты да тиімді пайдаланды. Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызшалар беріп отырды және кестедегі бағалау парақшасы арқылы топтық бағалау болды. Сабақ өз мақсатына жетті.
Биология пәнінен Садубай Гүлден «Тірек-қимыл жүйесі» деген тақырыпта сабақ өтті. Сабақ өте қызықты өтті. Оқушыларда белсенді қатысты. Әр топқа түрлі тапсырмалар берілді. Мәселен, «Құлп пен кілт» т.б.
30.01 күні Болысбек Арайлым даярлық сыныбында «Алматыға саяхат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта әсем қаламыз Алматы туралы айтып, оның апорт алмасымен тамсандырды, яғни тапсырмалар беріліп, сабақ жақсы өтті. Оқушылар алма болып киініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Балалар тапсырмаларды қызыға орындады.

Қазақ әдебиеті пәнінен Абишева Айнаш А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысал өлеңіне ашық сабақ өтті. Сабақта «Эмоция» кестесі бойынша жұмыс, Тірек сөздермен мәтін құрады. Қалыптастырушы бағалау сәтті болды. Оқушылар белсенді қатысты. Сабақ мақсатына жетті.

31.01 күні Дене шынықтыру пәнінен Аканов Амир «Жұптық және топтық ойындар» тақырыбында 3 «Ә» сыныбында сабақ өтті. Сабақта жұппен, топпен жұмыс жасады. Математика пәнімен де байланыс болды. Оқушылар ойын ойнай отырып, есептер шығарды. Сабақта оқушылар белесенді болды. Уақытты да тиімді пайдалана алды.

Дене шынықтыру пәнінен Н.Байтугелова мен Б.Орынбасаров «Ойындағы бірлескен іс – әрекет және көшбасшылық» ӨҚН 5 «Ә» сыныбында ұлдар және қыздар тобымен сабақ өтті. Ұйымдастыру сәтті өтті. Дене жаттығулар жасалып, сыныпты 3 топқа бөліп жарысты, допты себетке лақыту әрекетін көрсетіп, оқушылар қайталады. Керібайланыс сәтті болды.

Өзін –өзі тану пәнінен Кенжетай Камила «Кешіре білуді үйренеміз» тақырыбында сабақ өтті. Сыныпты үш топқа бөлді. «Сәлем», «Рақмет», «Кешір» топтары. Сабақ оқушыларға өте қызықты болды. Сабақта өмірмен байланыс болды. Бейнежазба көрсетіліп, талдау жасалды. Дәптермен жұмыс болды. Сабақ соңында жүрекшені көп жинаған топ марапатталды.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына орай, жас мамандар апталығында кең көлемді талқылау өтті. Ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру бағытында келелі әңгіме қозғалды.
«Ұлы даланың жеті қыры- бағаналы бағыт» тақырыбында елбасымыздың мақаласына байланысты таныстырылым қорғады. Аталған жеті бағытты бейнежазба, таныстырылым бойынша айтып өтті.
«Өзін-өзі бағалауды енгізудегі алғашқы қадамдар» тақырыбында І деңгей мұғалімі Э.Кутумова коучинг өткізді.


31.01 күні «Ұстаз мерейі-ел мерейі» тақырыбында ұстаздық өмірі, мамандығы туралы 1 минуттық видеошоу байқауы болды. Бұл байқауда жас мамандар өздерінің мектеп өмірі, яғни мамандығы туралы видеошоу қорғады. Өздерінің әдіс-тәсілдерімен, тәжірибесімен бөлісті.
«Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту», «Сыни ойлауға бағыттайтын әдіс-тәсілдер» тақырыбында Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Ахметова мен Г.Доғарованың ұйымдастыруымен шеберлік сабағы өтті. Оқушының сыни ойлауына әсер ету арқылы шығармашылығын дамытуға арналған тасырмаларды қалай дайындауға болатындығын көрсетті. Сыни ойлауға бағыттайтын әдіс – тәсілдерді түрлендіріп қалай қолдануға болатындығын айтып, практика жүзінде көрсетті.
«Жас келсе, іске!» демекші, «Квест» әдісі арқылы жас мамандарға логикалық тапсырмалар, ребустар, есептер, педагогикалық тапсырмалар және тест сұрақтары берілді. Жастар белсене жұмыс жасады.


«Менің хоббиім» тақырыбы бойынша жас мамандар өздерінің бос уақыттарында айналысатын хоббиімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.

01.02 күні «Мәңгілік ел тірегі - Жастар» апталығының қорытынды талдауы болды. Жас мамандар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы ұсыныс, пікірлер айтылды.
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
«Мәңгілік ел тірегі - Жастар»   жас мамандар апталығы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
DavidMog
8 января 2020 11:39
Возьмите займы онлайн

-----


микрозайм на карту

----

Оцените сайт из списка


войти на госуслуги в личный кабинет

----

Онлайн правительство и все о нем описано на сайте

----

http://partnerchina.ru/

----

Кому нужны товары из Китая?

----


Курс на сушку

-----

вот скажите мне как и что тут

-----


двери входные металлические москва