Әдістемелік жұмыстар » Страница 50 » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Тірек-қимыл жүйесінің қызметін сипаттау” тақырыбында биология пәнінен ашық сабақ өтілді
19
январь
2023
“Тірек-қимыл жүйесінің қызметін сипаттау” тақырыбында биология
19.01. күні “Тірек-қимыл жүйесінің қызметін сипаттау” тақырыбында 8 “Г” сыныбымен биология пәнінен ашық сабақ өтілді. Сабақ барысында “Пазл” ойыны, “Боулинг”, “Кім жылдам” әдістері қолданылды. [media=https://www.instagram.com/p/CnmDBHyjASW/] 
Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын талданды.
19
январь
2023
Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын талданды.
19.01.23 ж "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әділханова Жанерке "Прогресс" орыс тілі бірлестігімен Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын талдады. Негізі идеясы Қазан төңкерілісі кезеңіндегі қазақ жері, қазақ әйелінің батырлығы, төзімділігі. Роман 4 бөлімнен тұрды. Бөлім бойынша тест тапсырмалары беріліп, талдау жұмыстары жүргізілді. [media=https://www.instagram.com/p/Cnlx_ECDt-A/]  
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Айнаш "МИФ" бірлестігі мұғалімдерімен Қырғызстанның үздік жазушысы Мұрат Әбдікерімнің "Шегемдік қыз" атты әңгімесін талдады.
18
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Қаңтар айының он сегізінші жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Айнаш "МИФ" бірлестігі мұғалімдерімен Қырғызстанның үздік жазушысы Мұрат Әбдікерімнің "Шегемдік қыз" атты әңгімесін талдады. Бірлестік топқа бөлініп,"Хикаят картасы"әдісі арқылы оқиғаның басы мен ортасы, аяғын бөліп алып,топта бір-біріне әңгімелеп, плакатқа оқиғаны бейнеледі. Әр топ бейнелеген оқиғасы арқылы әңгімені толықтай мазмұндап шықты. Әңгіменің идеясы, көтерілген
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саденова Балнур Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романын талдады.
18
январь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саденова Балнур Ғабит
18.01.2023 жылы Б.Қосынов орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саденова Балнур «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында «Бастау» бірлестігі 0-2 мұғалімдерінің қатысуымен жазушысы, драматург,сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы талданды. Талдау екі бөлімнен тұрды. І бөлімінде барлық қатысушылар мәтін бойынша жасалған тест тапсырмаларын шешіп, әр жауапты кезектесіп талдады. ІІ бөлім «Алтын сақа» ойынымен жалғасты «Табалдырық», «Әудемжер»,
“Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша “Парасат” бірлестігімен Э .Кутумова Ә.Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” шығармасын талдады
18
январь
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша “Парасат” бірлестігімен Э
Мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша “Парасат” бірлестігімен Э .Кутумова Ә.Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” шығармасын талдады. Әдеби теория мен шығарма желісін өмірмен байланыстырып, оқиғаны еске түсірді. Автор мен шығарма, прототип, лайфхаттар туралы әріптестерімізге берілген құнды ақпарат болды. Көркем мінез бен сөйлеу үшін көркем шығарманың көмегі көп екенін білейік! [media=https://www.instagram.com/p/CnjSpzAj12T/]  
«Бастау» бірлестігінің кезекті отырысы
16
январь
2023
«Бастау» бірлестігінің кезекті отырысы
«Бастау» бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. 1.I ж.ж. бойынша білім сапа қорытындысы 2. 4 сыныптардан негізгі пәндер бойынша тесттік бақылау жұмысын ұйымдастыру ББЖМ дайындық жайында Иманкулова Айман айтып өтті. 3. «Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру» Коштибаева Алия айтты. Бірлестік отырысында әртүрлі мәселелер қарастырылды. [media=https://www.instagram.com/p/Cne31PHD8D2/]  
"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы бойынша іс шара өткізілді
16
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы бойынша іс шара өткізілді
16.01.23 күні Б. Қосынов орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы бойынша іс шара өткізілді. Іс шара бойынша бастауыш мұғалімдеріне Ғ. Мүсіреповтың "Ұлпан" романын оқуға берілді. Сол роман бойынша бүгін Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі Ж. Ахметова талдау жүргізді. Бірінші роман бойынша тест тапсырмасы алынды. Екінші романнан мәтін үзіндісі беріліп, ары қарай мәтінді жалғастырды. Әріптестердің белсенділігі өте жоғары болды. [media=https://www.instagram.com/p/CnejFCBjmaB/]
"Парасат" тарих география бірлестігінің кезекті отырысы
13
январь
2023
"Парасат" тарих география бірлестігінің кезекті отырысы
13.01.2023 ж "Парасат" тарих география бірлестігінің кезекті отырысы өтті.Күн тәртібінде қаралған мәселелер:. •І жарты жылдық пән бойынша мұғалімдерінің жұмыстарының қорытындысы. •ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс тәсілдері. •Білім сапасының мониторингі. • Сабақта қолданатын Mozaik education платформамен жұмыс . • "Критерий бойынша дескрипторды құру" тақырыбында жұмыс көрсетті •Отырысқа басқа бірлестік мүшелері де келіп қатысып, кері байланыс берді. [media=https://www.instagram.com/p/CnW5eBEDlaJ/]
“Прогресс” орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі отырысы
13
январь
2023
“Прогресс” орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі отырысы
13.01.2023 ж “Прогресс” орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: • l жарты жылдық бойынша пән мұғалімдерінің жұмыстарының қорытындысы; • Білім сапасының мониторингі • Баяндама “Педагогические компетенции современного учителя” • Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы; • Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі он күндігін талдау; Отырысқа әр бірлестік жетекшілері қатысып, кері байланыс берді.  [media=https://www.instagram.com/p/CnWJzWQjZ5-/]