Ақпарат » Страница 71 » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктанты
05
май
2023
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктанты
2023 жылдың мамыр айының 3 күні сағат 11:00 де Мамыр мерекелерімен жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктант алынды. Диктант жазуға 78 мұғалім, 573 оқушы қатысты. Патриоттық сезім - Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне бұл ел ертеңі-жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағида. [media=https://www.instagram.com/p/Crz0p_0IlBc/]  
“Екі Жұлдыз”🎤 байқауы
04
май
2023
“Екі Жұлдыз”🎤 байқауы
Б. Қосынов атындағы орта мектебінде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі, бейбітшілік, достық пен ынтымақтың мерекесіне орай, 7 сынып оқушылары арасында “Екі Жұлдыз”🎤 байқауы ұйымдастырылды. Байқауда қатысушылар әр ұлттың әнін орындап, керемет өнер көрсетті. Барша қатысушыларға алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз. ❤️💐 [media=https://www.instagram.com/p/Cr3wLjNgqsT/]
Мектеп әкімшілігі және денешынықтыру пән мұғалімдері “Өмірзақ” мөлтек ауданының ата - аналарымен оқушыларына “Дені саудың рухы сау!” тақырыбында спорттық сайыс өткізді.
04
май
2023
Мектеп әкімшілігі және денешынықтыру пән мұғалімдері “Өмірзақ” мөлтек
3 мамыр 2023 ж Б.Қосынов орта мектебінің әкімшілігі және денешынықтыру пән мұғалімдері “Өмірзақ” мөлтек ауданының ата - аналарымен оқушыларына “Дені саудың рухы сау!” тақырыбында спорттық сайыс өткізді. Сайыс бастамас бұрын мектеп психологы Н.Сқақова оқушы мен ата -аналарға тренинг өткізді. Сайыстың мақсаты: мектеп, оқушы,ата- ана арасына тығыз байланыс орнату. Спорттық сайыс соңында мектеп директоры Д.Саусакбаев дипломдармен белсене атсалысқан ата -аналар мен мектеп оқушыларын марапаттады.
"Еркін ел ұрпағы " атты жалпыұлттық патриоттық диктант
04
май
2023
"Еркін ел ұрпағы " атты жалпыұлттық патриоттық диктант
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен "Еркін ел ұрпағы " атты жалпыұлттық патриоттық диктант 2023 жылы 3 мамырда сағат 11.00- де өткізілді. Диктант жазуға 42 мұғалім, 370 оқушы қатысты. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу,ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухты тәрбиелеу. Міндеті: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау ,мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық
Алматы облысы бойынша кәсіби дамыту институтында «Бастауыш” сынып мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі» , «Әдебиеттік оқыту»пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерді дамыту» , «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгердің кәсіби құзыреттілігін дамыту
02
май
2023
Алматы облысы бойынша кәсіби дамыту институтында «Бастауыш” сынып
17.04-28.04.2023 жылы Бастауыш сынып мұғалімі: Нурсеитова Бағдат Алматы қаласында «Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы. Алматы облысы бойынша кәсіби дамыту институтында «Бастауыш” сынып мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі» , «Әдебиеттік оқыту»пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерді дамыту» , «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгердің кәсіби құзыреттілігін дамыту», «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында
“Екі Жұлдыз”🎤 байқауы
02
май
2023
“Екі Жұлдыз”🎤 байқауы
Б. Қосынов атындағы орта мектебінде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі, бейбітшілік, достық пен ынтымақтың мерекесіне орай, 7 сынып оқушылары арасында “Екі Жұлдыз”🎤 байқауы ұйымдастырылды. Байқауда қатысушылар әр ұлттың әнін орындап, керемет өнер көрсетті. Барша қатысушыларға алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз. [media=https://www.instagram.com/p/Cr3wLjNgqsT/]
“Әке жүрегі таудан үлкен” атты семинарымызда күтеміз
02
май
2023
“Әке жүрегі таудан үлкен” атты семинарымызда күтеміз
Құрметті әкелер сіздерді 12 мамыр сағат 15.00 де “Әке жүрегі таудан үлкен” атты семинарымызда күтеміз. Келіңіздер! Көріңіздер! [media=https://www.instagram.com/p/CrvvtBDAAcH/]  
10 А және 10 Ә сыныптарында "Мамандық таңдау маңызды іс " тақырыбында ата - аналармен дөңгелек үстел өткізді
01
май
2023
10 А және 10 Ә сыныптарында "Мамандық таңдау маңызды іс " тақырыбында
Сәуір айының 28- і күні 10 А және 10 Ә сыныптарында "Мамандық таңдау маңызды іс " тақырыбында ата - аналармен дөңгелек өткізді. Сынып жетекшілер С.Касымжомартова және И.Жубандыкова ата - аналар мен оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп пікір алысты. Сонымен қатар ҰБТ бейіндік таңдау пәндері туралы да арнайы презентация көрсетілді. Ата -аналар алған мәліметтерімен бөлісіп кері байланыс берді. Сынып жетекшілеріне алғыстарын білдірді.
9 “А” сынып ата-аналарына сынып жетекшісі Арыстанова М.Н “Отбасы- өмір шуағы” атты тренинг
30
апрель
2023
9 “А” сынып ата-аналарына сынып жетекшісі Арыстанова М.Н “Отбасы-
Ата- аналар айлығы жоспарына сәйкес 29.04.2023ж 9 “А” сынып ата-аналарына сынып жетекшісі Арыстанова М.Н “Отбасы- өмір шуағы” атты тренинг өткізді. Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.
1 сынып жетекшілері Ш. Ахметова мен М.Қойшығұлова ата -аналармен “ Адами қарым - қатынас ізгіліктері “ тақырыбында тренинг өткізді
29
апрель
2023
1 сынып жетекшілері Ш. Ахметова мен М.Қойшығұлова ата -аналармен “
Б.Қосынов мектебінде 27 сәуір күні ата - аналар айлығының жоспарына сәйкес 1 сынып жетекшілері Ш. Ахметова мен М.Қойшығұлова ата -аналармен “ Адами қарым - қатынас ізгіліктері “ тақырыбында тренинг өткізді. 1А,Ә сынып ата - аналары қатысты. Көңіл- күйді көтеру мақсатында нейро жаттығулар арқылы сыныпқа кіріп, “ Бес қадам “ әдісімен бес жақсы сөз айтып, қанқыздар арқылы топқа бөлінді. Біріншіден ата - аналарға видео көрсетіліп, талдау жүргізілді. Видеодан түсінген ойларымен бөлісті.Екіншіден өз