02
сентябрь
2024
Информациятық ресурстар және кітапханалық қор
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі. 2 қосымша Білім беру ұйымдарының бағалау өлшемшарттарына 7-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы" 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) (бұдан әрі – 216 бұйрық) бекітілген оқулықтарға сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханалық қорының болуы. 2024-2025 оқу жылында мектеп кітапханасының кітап қорында 8995 дана кітап бар, оның ішінде 218 дана жаңа буын оқулықтары, 366 дана электронды оқулық. Жалпы қазақ тіліндегі көркем әдебиет саны 2300 дана, орыс тіліндегі әдебиеттер саны 500 дана. 2024-2025 оқу жылының басында кітапхана қоры 1-11 сыныптарға жаңартылған бағдарламаға сәйкес 2700 дана оқулықпен және 56 дана көркем әдебиетпен аудандық білім бөлімі тарапынан қамтамасыз етілді. Мектеп кітапханасында екі кітапханашы жұмыс істейді білімі жоғары. Мектептегі оқу жылының басында оқушылар саны- 1700 |
Мектептегі әлеуметтік жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және толық емес, көп балалы отбасы оқушылары бірінші кезекте оқулықпен толық қамтылды. Мектеп кітапханасы бекітілген нұсқаулар мен кітапхана ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Кітапхананың жұмыс жоспары мектеп оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес бірлесіп құрылды. Жыл сайын «Алматы кітап», «Атамұра», «Мектеп» , «Арман ПВ», «Көкжиек», «Келешек», «Бөбек» тағы да басқа баспалардан шыққан жаңа буын оқулықтары мен толықтырылып отырылды. Көркем әдеби кітаптардың барлығы инвентарлық кітапқа енгізіліп, есепке алынды. Кітапханалық қорды қосынды есепке алу кітабы бойынша көркем әдеби кітаптар, оқулықтар, электронды оқулықтар қосынды есепке енгізілді.Сонымен қатар тозығы жеткен көркем әдебиеттерді, мағынасы өзгерген оқулықтарды есептен шығару актілері де жүргізіледі. Биылғы жылы кітапхана қорына 56 дана әдеби кітаптар қосылды.Оқушылар мен мұғалімдердің сұраныстарын толық қамтамасыз етуге мүмкіншілік туды. Мектеп ішінде өтетін әр түрлі іс-шараларға кітапханашы белсене араласып отырады. Кітапханада ақын жазушылардың мерейтойларына байланысты кітап көрмелері мен шолу әңгімелер өткізіліп тұрады.
|