Информация » Страница 66 » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматинская область білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
Б. Қосынов атындағы орта мектебінде 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығы аталып өтілді
12
май
2023
Б. Қосынов атындағы орта мектебінде 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығы
Б. Қосынов атындағы орта мектебінде 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығы аталып өтілді. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі. [media=https://www.instagram.com/p/CsJs3KgANln/]  
Мектеп директоры Саусакбаев Даурен Болатұлымен “Live Podcast” (сұхбат)
11
май
2023
Мектеп директоры Саусакбаев Даурен Болатұлымен “Live Podcast” (сұхбат)
Ағымдағы айдың 10 жұлдызында, мектеп директоры Саусакбаев Даурен Болатұлымен “Live Podcast” (сұхбат) болып өтті. LP 3 айдардан тұрды: • True/ False • I and about Me • Knowledge checking Балалық шақтан басталып, болашаққа деген жоспармен жалғасқан бұл сұхбат өте әсерлі, танымды әрі шыныйы hәм өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай болғаны сөзсіз! Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың
7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні
09
май
2023
7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні
7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз! [media=https://www.instagram.com/p/CsJMqooAw2k/]  
10 “Б” сынып оқушылары “Достық және сыйластық” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
08
май
2023
10 “Б” сынып оқушылары “Достық және сыйластық” тақырыбында ашық
04.05.2023 жылы 10 “Б” сынып оқушылары “Достық және сыйластық” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдесу. [media=https://www.instagram.com/p/CsTMHuWgG4l/]  
2 мамыр күні мектебімізде 2022 оқу жылы жұмысын бастаған ұстаздар мен мектеп әдіскері Салтанат Мукашевна жəне мектеп психологы Сқақова Нұрзада қатысуымен “Бізге 1 жыл” тақырыбында 1жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстар мен мектепке бейімделу жөнінде əң
05
май
2023
2 мамыр күні мектебімізде 2022 оқу жылы жұмысын бастаған ұстаздар мен
2 мамыр күні мектебімізде 2022 оқу жылы жұмысын бастаған ұстаздар мен мектеп әдіскері Салтанат Мукашевна жəне мектеп психологы Сқақова Нұрзада қатысуымен “Бізге 1 жыл” тақырыбында 1жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстар мен мектепке бейімделу жөнінде əңгіме-сұхбат өткізілді. Іс-шараға информатика пəні мұғалімі Тусипбаева Ақмарал, химия пəні мұғалімі Əденбай Бағжан жəне математика пəні мұғалімдері Жумабаева Динара мен Сундетбаева Гүлайхан қатысты. Ұстаздар осы жыл көлемінде, жаңа мектепке бейімделу
7 “Б” сыныбымен көркем еңбек пәнінен "Өсімдік сән және интерьер ретінде" тақырыбында ашық сабақ
05
май
2023
7 “Б” сыныбымен көркем еңбек пәнінен "Өсімдік сән және интерьер
Бүгін мектепте 7 “Б” сыныбымен көркем еңбек пәнінен "Өсімдік сән және интерьер ретінде" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Барлық оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты. Өткізген көркем еңбек пәні мұғалімі: Турсынбекова Гульнара Толеуовна. [media=https://www.instagram.com/p/Cr1NviCM0Ss/]  
" Еркін ел ұрпағы " атты жалпыұлттық патриоттық диктанты
05
май
2023
" Еркін ел ұрпағы " атты жалпыұлттық патриоттық диктанты
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен " Еркін ел ұрпағы " атты жалпыұлттық патриоттық диктант 2023 жылы 4 мамырда сағат 11.00- де өткізілді. Диктант жазуға 70 мұғалім, 715 оқушы қатысты. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухты тәрбиелеу. Міндеті : Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру , диктант мәтіні арқылы
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктанты
05
май
2023
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктанты
2023 жылдың мамыр айының 3 күні сағат 11:00 де Мамыр мерекелерімен жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктант алынды. Диктант жазуға 78 мұғалім, 573 оқушы қатысты. Патриоттық сезім - Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне бұл ел ертеңі-жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағида. [media=https://www.instagram.com/p/Crz0p_0IlBc/]  
“Екі Жұлдыз”🎤 байқауы
04
май
2023
“Екі Жұлдыз”🎤 байқауы
Б. Қосынов атындағы орта мектебінде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі, бейбітшілік, достық пен ынтымақтың мерекесіне орай, 7 сынып оқушылары арасында “Екі Жұлдыз”🎤 байқауы ұйымдастырылды. Байқауда қатысушылар әр ұлттың әнін орындап, керемет өнер көрсетті. Барша қатысушыларға алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз. ❤️💐 [media=https://www.instagram.com/p/Cr3wLjNgqsT/]
Мектеп әкімшілігі және денешынықтыру пән мұғалімдері “Өмірзақ” мөлтек ауданының ата - аналарымен оқушыларына “Дені саудың рухы сау!” тақырыбында спорттық сайыс өткізді.
04
май
2023
Мектеп әкімшілігі және денешынықтыру пән мұғалімдері “Өмірзақ” мөлтек
3 мамыр 2023 ж Б.Қосынов орта мектебінің әкімшілігі және денешынықтыру пән мұғалімдері “Өмірзақ” мөлтек ауданының ата - аналарымен оқушыларына “Дені саудың рухы сау!” тақырыбында спорттық сайыс өткізді. Сайыс бастамас бұрын мектеп психологы Н.Сқақова оқушы мен ата -аналарға тренинг өткізді. Сайыстың мақсаты: мектеп, оқушы,ата- ана арасына тығыз байланыс орнату. Спорттық сайыс соңында мектеп директоры Д.Саусакбаев дипломдармен белсене атсалысқан ата -аналар мен мектеп оқушыларын марапаттады.