30
март
2023
«Оқушы, Ата –ана, Мектеп» тақырыбында жиналыс
2023 жылы 28 наурыз күні Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 9-10 сынып оқушылар ата – аналарына «Оқушы, Ата –ана, Мектеп» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа Алматинская областьның бас имамы Наржанов Қуаныш Бакытбекұлы және Айтей ауылының «Нұр» мешітінің наиб имамы Кошибай Жалғас Совхозбекұлы қатысты. Мектеп директоры Д.Саусакбаев өз сөзінде - Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі деп атап өтті. Жиналыстың мақсаты : мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан-жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып,ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру.
[media=https://www.instagram.com/p/Cqs1hTksOEm/]
[media=https://www.instagram.com/p/Cqs1hTksOEm/]