21
октябрь
2022
"МИФ" бірлестігінің әдістемелік күні өтті.
21.10.2022ж күні "МИФ" бірлестігінің әдістемелік күні өтті.Тақырыбы: "PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру." Әдістемелік күн барысында 7 "Д" сыныбында физика пәнінен "Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері" тақырыбына ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Зулпыхарова Балжан. Сабақтың мақсаты: s-тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді үйрету. Сабақ барысында "АКТ"-ны тиімді пайдаланды.Оқушылар жұптық, жеке тапсырмаларды белсене орындады. Әр тапсырмалардан соң оқушылар дискрипторға сүйене отырып өздерін өзі бағалады.Сабақ жоғарғы дәрежеде өтіп, мақсатына жетті.
[media=https://www.instagram.com/p/CkBY37sDR6S/]
[media=https://www.instagram.com/p/CkBY37sDR6S/]