Әлжан Бұқарбайқызы орта мектебінде " Білімнің басты құндылықтар"конференция барысында 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқау хаттағы өзгерістермен ерекшеліктер оқушының оқуға деген уәжін дамытатын тәсілдер көрсетіліп талқыланды » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Әлжан Бұқарбайқызы орта мектебінде " Білімнің басты құндылықтар"конференция барысында 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқау хаттағы өзгерістермен ерекшеліктер оқушының оқуға деген уәжін дамытатын тәсілдер көрсетіліп талқыланды
26
август
2022

Әлжан Бұқарбайқызы орта мектебінде " Білімнің басты құндылықтар"конференция барысында 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқау хаттағы өзгерістермен ерекшеліктер оқушының оқуға деген уәжін дамытатын тәсілдер көрсетіліп талқыланды

25.08.2022-2023 күні Әлжан Бұқарбайқызы орта мектебінде " Білімнің басты құндылықтар"конференция барысында 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқау хаттағы өзгерістермен ерекшеліктер оқушының оқуға деген уәжін дамытатын тәсілдер көрсетіліп талқыланды «МУЗЫКА» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-6-СЫНЫПТАР
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка», «Көркем еңбек» және оқу пәндері арқылы беріледі. 1 сыныпта «Бейнелеу
өнері», «Еңбекке баулу». Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2- қосымшаның 21-22-тармағына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта
білім берудің 3-қосымшасының 33-34-тармағына сәйкес 1-6-сыныптарда «Музыка» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
3 Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Музыка» пәні, 1-4 сыныптар 2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында «Музыка» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199
бұйрығына 9-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына184-қосымша).
1–сыныпта «Музыка» оқу пәнінің базалық оқытуда білім алушылардың жеке және жалпы музыкалық қабілетіне және сабақ барысында үйренетін әннің мәтінінде кездесетін күрделі сөздердің дұрыс дыбысталуын қадағалау, әуенімен қосылып орындай білуі дағдысын қалыптастыру ұсынылады. Әсіресе, «қ, ғ, р, ұ, ү, ң, ө, ш, с» дыбыстарын дұрыс айтқызу ана тілінде таза, анық сөйлеуге, әнді
дұрыс орындауға бағытталады. Қызықты ырғақтық жаттығулар жасату арқылы музыканың көңіл-күйін сезіндіру, нота сауаттылығының алғашқы сатысы до мажор гаммасын айтқызып, үйрету ұсынылады; жалпы музыкалық терминдер тереңдетіліп оқытылу талап етілмейді.
2–сыныпта «Музыка» пәнін оқытуда тыңдайтын және орындайтын туындының мазмұны жайлы түсінік бере отырып, музыканың адам және табиғат әлеміндегі орнын түсіндіру мақсатында түрлі мысалдармен білім алушының жан-жақты көзқарасын қалыптастыру ұсынылады. Дәстүрлі қазақ музыкасының бастауы бесік жырының тәлім-тәрбиелік маңызын жете түсіндіру үшін әр заманның туындыларын жатқа айтуларына баса назар аудару, табиғатты қорғау, туған жерге деген құрмет және басқа да бала жасына лайықты балалар әндері.
[media=https://www.instagram.com/p/ChuwBEsjNpK/]
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив