01
сентябрь
2021
Қосынов Бектенбай Іліпбайұлы
Бектенбай Іліпбайұлы Қосынов (1911-1984 ж) ел таныған азаматтардың көбіне ұстаз, әкесіндей қамқор, өсу жолында жетектеген жебеуші, әрі қысылғанда қолұшын беріп, ем болардай ақылын жанашырлықпен, дәрігердің дәруіндей дарыта білген азамат. Иә, елін сүюдің, қызметті жауапкершілікпен атқарудың үлгісі болған азамат 1911 жылы бұрынғы Қаскелең, қазіргі Қарасай ауданындағы Әйтей ауылында өмірге келген. Мектеп-интернатта сауатын ашқан жас өзі өмір сүрген қоғамның тыныс-тіршілігін түсініп, оқуда үздік білімімен танылыпты. Және жоғары сенім жүктеліп, 18 жасқа жаңа толғанда Іле аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Көп ұзамай Алматы облыстық партия комитетінің шешімімен Лепсі аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына тағайындалса, 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетіне жолдама алады. Атпал азаматтың білім шыңына құлаш ұрып, нәрінен армансыз сусындаған кезі осы сәтте басталып, жалғасқан. 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
І сессиясында қызметтегі жауапкершілігі мен білгірлігі ескеріліп, Қазақ КСР Халкомы жанындағы өнер бөлімінің бастығы болып сайланады. Осы лауазымда еңбек еткен Бектенбай Іліпбайұлы мәдениетіміздің өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдыруға бар күш-жігерін, білімін жұмсайды. Ұлы Отан соғысы басталар алдында ол Өскемен қалалық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. Сұрапыл соғыс жылдарында да халықтың қиындықты жеңіп, жеңісті жақындатуға өзіндік үлесін қосуға басшылық жасағаны мұрағаттарда жинақталыпты. 1951 – 1955 жылдары Алматыдағы Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етсе, бұған дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастыру бөлімі кадрлар секторына жетекшілік жасаған. Осындай кездері ол айналасына жақсы, іскер адамдарды топтастырып, олардың өсуіне, қалыптасуына бірден бір себепкер болғанын бүгінде білетіндер ұмытпай, риза пейілмен айтады. Бектенбай Қосынов Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған тұста да оның шапағатын көріп, тәлім-тәрбиесін алғандар аз емес екен. Үлкенге іні, кішіге аға болып, соңына өшпес із қалдырған Бектенбай Іліпбайұлы 1961 – 1979 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы марапаттау бөлімін басқарыпты. Бектенбай Іліпбайұлы Қосынов ілуде бір кездесетін, жақсы адамның үлгісі болған азамат, қоғам қайреткері.