17.09.2021 ж. «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» отдела образования Кербулакского района ата-аналар жиналысының хаттамасы көшірмесі. » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » 17.09.2021 ж. «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» отдела образования Кербулакского района ата-аналар жиналысының хаттамасы көшірмесі.
17
сентябрь
2021

17.09.2021 ж. «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» отдела образования Кербулакского района ата-аналар жиналысының хаттамасы көшірмесі.

«Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» отдела образования Кербулакского района
ата-аналар  жиналысының хаттамасы көшірмесі
17.09.2021 жыл                            Әйтей ауылы                                  Қатысқаны 78
Күн тәртібінде:
1) Құқықтық мәдениетті қалыптастыра отырып құқықбұзушылықтың алдын алу 
/Баяндама Т. Халмухамедова /
2) Қиын оқушыларды есепке алу  /Т. Халмухамедова /
3) Суицид және оны алдын алу, жыныстық тиіспеушілік бойынша түсіндірме жұмысы.  /Баяндама Н.Скакова/
Тыңдалды:
Бірінші сұрақ бойынша тәрбие орынбасары Т. Халмухамедова баяндады. Құқықтық тәрбие берудің мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектер арқылы іске асырылады.
          Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылық қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
Жас балалардың құқық бұзушылығына бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспау, ата-ана және мектеп тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқытық білімнің аздығы. Адамның құқықтық санасы қалыптаспай, оның құқықтық мәдениеті жетілмейді. Сол себепті құқықтық сананы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.   Жалпы айтқанда, кәмелетке толмағандарға   құқықтық тәрбие берудің міндеті олардың   құқықтық санасы мен  құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады. Бала үшін отбасы – ең алғашқы  да аса белсенді тұлғаның қалыптасу көзі. Отбасы тәрбиесінің мақсаты – тұлғаның бойында өмір жолында кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерді шыдамдылықпен жеңе алатындай, ересек өмірге тез әрі жеңіл бейімделуге мүмкіндік беретіндей қасиеттерді қалыптастыру керек. 
Екінші мәселе бойынша тәрбие орынбасары Т. Халмухамедова сөз алды. Мектебімізде тәрбие жұмысының жеткіліксіздігінен 2021-2022 оқу жылында  әкімшілік есепке алынатын оқушы жоқ. Бірақ, мектепте тәртіп бұзуға бейім оқушылар кездеседі.Олар: 9 «ә» сынып оқушысы Вачинадьзе Карина, 9 «ә» Қабылсынып оқушысы   Қабыл Нұрбақыт, 10 «Ә» сынып оқушысы Қабыл Ұлжан сынды оқушылар кейде сабақтан себепсіз көп қалады, сабаққа кешігіп келеді.
Сынып жетекшілері осы оқушылардың ата-аналарымен үзбей байланыс жасап, оқушылардың әлеуметтік жағдайын тексеру мақсатында үйлеріне рейд жасап, үнемі бақылау жүргізді. Бұл оқушылардың барлығына сынып жетекші тарапынан бақылау күнделігі арналған. Осы күнделікке оқушылардың сабаққа қатысуы, мінез-құлқы жайлы мәліметтер тіркелуде. Екі оқушы үйірмеге тартылды. Мектеп психологі Н.Скакова аталған оқушылардың өмірге көзқарастарын, отбасында, мектепте, көшеде жеке басына нұқсан келтіретін оқиғаларды білу және оларға психологиялық карта жасау, құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» сауалнамасын, «Мен өмірді сүйемін», «Менің отбасым» тақырыптарында шығарма жұмыстарын, мінез-құлқын, темпераментін анықтау мақсатында «Кактус» әдістемесін жүргізіп,  анықталған қорытындысы бойынша оқушылармен жеке әңгімелер, кеңестер жүргізді. Сонымен қатар, «Сен жақсы баласың ба?», «Мен кіммін?», «Тәртіпті болу», «Сенімділік» тақырыптарында психологиялық тренингтер жүргізді.
Шешімі:
1) Құқықтық мәдениетті оқушылардың бойында қалыптастыру мақсатында құқытық тәрбиеге байланысты сынып жетекшілері үнемі сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, тәрбие орынбасарлары АІІБ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып отырсын.
2) Жоғарыда аталған тәртібі қиын оқушылар бір ай уақытта бақылауға алынсын.
3)Жыныстық тиіспеушілік бойынша мамандармен кездесулер ұйымдастырылсын.
                   Хатшы:                                         Г. Догарова.
                      
                                   
«Б.Қосыноватындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» отдела образования Кербулакского района
ата-аналар  жиналысының хаттамасы көшірмесі
23.10.2021 жыл   Әйтей ауылы
                                                                                                                Қатысқаны: 96
Күн тәртібінде:
1) Ұлттық бірыңғай тестке дайындық мәселесі туралы   /З.Умбетаева /  
2) Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы  /Т. Халмухамедова / 
/Баяндама М.Қойшығұлова/
3) Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы
                                                                                                   /Т. Халмухамедова/
Тыңдалды:
Екінші сұрақ бойынша тәрбие орынбасары Т. Халмухамедова баяндады. Мектепте жалпы оқушылардың саны- 1339 оқушы. І-ауысымда 819 оқушы, ІІ-ауысымда 520 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптарда бойынша - 575 оқушы, 5-9 сыныптарда –  675 оқушы, 10-11 сыныптарда – 119 оқушыдан отыр. Оқушылардың сабаққа қатысуы  тәрбие орынбасарлары тарапынан күнделікті тексеріліп қадағаланып отырылады.
1–ауысымдағы 8-11 сыныптар бойынша күніне 5-6 оқушыдан сабақты босатса, 02-20 қыркүйек аралығында жалпы саны  - 58 оқушы сабақты босатқан, оның денсаулығына байланысты келмей қалғандар саны – 12,  ал қалғандары сабақты бір күннен не екі күннен босатты, яғни оқушылардың сабақтан қалуы тыйылар емес, әсіресе сенбі күндері оқушылар сабақты көп босатады. Үш күннен артық сабақты босатқан оқушылар туралы сынып жетекшілер оқушылардың сабақтан қалу себебін анықтап, АКТ мәлімдемесін уақытылы толтырып өткізеді, Әр сыныпқа тоқталатын болсақ: 11 «ә» сыныптың Әжіхат Алижан, 8 «а» сынып оқушысы Жылқышбаев Амир, 8 «б» сынып оқушысы Ринат Толюганов сынды оқушылар кешігіп келеді. Кейбір оқушылар сабаққа себепсіз келмей қалады,олар: А.Эменов,Ермағанбетов Б, К.Вачинадьзе,Татарова С сынды оқушылар сабаққа себепсіз келмей қалады.Сынып жетекшілеріне қадағалау, ата-анасымен байланыс жасау ескертіледі.
Кемшіліктер: 
1.Сынып  жетекшілері   бірінші  сабақтан оқушының  сабаққа  қатысуын қадағаламайды.   
2.Кей  мұғалімдер үйге бару  актісін уақытылы өткізбейді.
3.Егер оқушы кішкене ауырып тұрса, бірден сұрануға тәрбие орынбасарына жүгіріп келеді. Сынып  жетекші  жауапкершілікпен  қарамайды.
Үшінші  сұрақ  бойынша  тәрбие  орынбасары  З.Умбетаева  баяндады. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие.Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптармен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Бүгінде оқушылармен жүргізетін қүұқытық тәрбиенің мазмұнын айқындауда Қазіргі таңда қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
Жас балалардың құқық бұзушылығына бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспау, ата-ана және мектеп тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқытық білімнің аздығы. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқытық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Құқытық тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін  ең алдымен сынып жетекшілері ата-анамен тығыз байланыста бірлесе отырып тәрбие жұмыстарын ұтымды, оңтайлы әдіс-тәсілдерін қолдауы қажет. Адамның құқықтық санасы қалыптаспай, оның құқықтық мәдениеті жетілмейді. Сол себепті құқықтық сананы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс. Тағы бір айта кететін мәселе, ерлі-зайыптылардың ажырасуының салдарынан, әсіресе ұл баланың тәрбиесіне нұқсан келуі. Алдындағы үлгі-өнеге алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қадір-қасиет, жүріс-тұрыс мәнері, мен әдеттерін үйрететін, шаруашылыққа икемдейтін әкенің ролі ер балаға ауадай қажет. Оның жетіспеуі көңілін құлазытып, ананың талап-тілектерін құлықсыз орындауға немесе жүре тыңдауға, томаға-тұйықтыққа, оқушылар ұжымынан оқшалануға душар етеді. Осындай көңіл-күйдегі ер бала өзін жұбатудың жолын темекі, тартудан, шарап ішуден, бос қыдырудан іздейді. Сөйтіп барып мектеп тәртібін бұзып қана қоймай, теріс жолға икемделуі де ғажап емес екендігін айтып өтті. 
Қарасай ауданының білім бөлімі Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасының  хаты негізінде жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, оқушылар арасында ақша талап етушілікті, күш көрсетуді болдырмау мақсатында 15 қазан күні 5-11-сынып оқушыларынан сынып жетекшілері мектеп психологтарымен бірлесе  «Бопсалау жоқ па?» тақырыбында жасырын сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқан оқушылар саны төмендегідей:         
СыныптарОқушы 
саны
Жазғаны
1.5 «А»2626
2.5 «Ә»2521
3.5 «Б»2525
4.5 «В»2521
5.5 «Г»2723
6.6 «А»2521
7.6 «Ә»2524
8.6 «Б»2525
9.6 «В»2524
10.6 «Г»2525
11.6 «Д»2525
12.7 «А»2624
13.7 «Ә»2521
14.7 «Б»2525
15.7 «В»2525
16.7 «Г»2519
17.8 «А»2523
18.8 «Ә»2523
19.8 «Б»2521
20.8 «В»2522
21.8 «Г»2523
22.8 «Д»2524
23.9 «А»2525
24.9 «Ә»2525
25.9 «Б»2524
26.9 «В»2522
27.9 «Г»2522
28.10 «А»1615
29.10 «Ә»1616
30.10 «Б»1614
31.10 «В»1613
32.11 «А»2418
33.11 «Ә» 1613
34.11 «Б»2323
Барлығы341339940 оқушы
       Сауалнамадағы «Мектепте саған күш қолданады ма?», «Мектепте ақша талап ету бар ма?», «Мектепте топ құрып жүретіндер бар ма?» т.б. сұрақтарға барлық оқушылар «Жоқ» деп жауап берген. 
        Сауалнама қорытындысы бойынша мектеп оқушылары арасында бопсалау жоқ екендігі анықталды.
Мектеп ішінде 1-қазан күні 10а сынып оқушылар тәртіп бұзушылық жасады. Сабақтан кейін Иманмаликов Абдумалик пен Турманов Алишер кабинетте электронды кальянмен ұсталды. Оны сол сыныптың оқушысы Аскербекова Үміт алып келген. Аталған оқушылармен тәрбие орынбасары тарапынан әңгіме, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардан түсініктеме алынғанын айтты.Ата-аналары шақыртылып баласының тәртібін қатаң қадағалауды талап етілді. Баласының тәртібіне жауапкершілікті өз мойындарына алатыны туралы қолхат алынды. Сондай-ақ 9а сынып оқушысы Полат Фатима атты қыз мектеп ауласында сабақтан тыс уақытында 8в сынып оқушысы Джолдасбаева Томириске қол көтеріп, жаман сөзбен балағаттаған. Аталған оқушылар мен ата-аналар директор алдына шақыртылып, әңгіме жүргізендігі туралы айтты. 
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, қаңғыбастық пен қайыршылықты болдырмау мақсатында Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 07.10.2017 жылғы №1480 хаты мен Қарасай аудандық Ішкі Істер басқармасының 01 қыркүйек пен 01 желтоқсан аралығында өтетін «Участок» атты республикалық профилактикалық іс-шараны орындау туралы  02.09.2017 ж. №1-5-89/17191 хаты негізінде мекептің мұғалімдері жоспарға сәйкес әр сенбі, жексенбі күні түнгі ойын-сауық орындарына, компьютер клубтары,көшелер мен базарға  рейдке шығатынын ескертті.
Шешімі:
1) Ата-аналар мен сынып жетекшілеріне оқушылардың сабаққа толық қатысуын күнделікті қадағалап отыру және қамтамасыз ету жүктелінсін.
2)  Әрбір тәртіп бұзған оқушыларға және ата-аналарына   қатаң түрде ескерту берілсін.
3) Аталған оқушылардың сынып жетекшілеріне сөгіс берілсін.
Хатшы:         Г.Спанкулова.
«Б.Қосыноватындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» отдела образования Кербулакского района
ата-аналар  жиналысының хаттамасы көшірмесі
24.12.2017 жыл                             Әйтей ауылы
                                                                                                                Қатысқаны: 87
Күн тәртібінде:
  1. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 05.11.2017ж   №1646 бұйрығына сәйкес1-19 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» атты ақпараттық науқанын өткізу туралы
  2. Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша тәрбие орынбасары Т. Халмухамедова  «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 05.11.2021ж   №1646 бұйрығына сәйкес1-19 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» атты ақпараттық науқанын өткізу туралы хатымен таныстырды.  Жасөспірімдер арасында құрбыларына қатыгез қарым-қатынас жасауға болмайтыны, қауіпсіздік тәртіп ережелері туралы, сондай-ақ зорлық-зомбылық немесе қылмыстық қол сұғушылық кезінде жәрдем алу мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді. Отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларының орын алу мүмкіндіктері жайлы ата-аналармен де жұмыс жүргізуді сынып жетекшілеріне жүктеді.
Екінші  мәселе бойынша, 2021  жылдың қараша айында «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» атты ақпараттық науқанында мектеп оқушыларынан мектеп психологы Н.Скакованың жүргізуімен   сауалнамалар алынды.Сауалнама нәтижесінде мектепте ешқандай зорлық зомбылық жасау әрекеттері байқалмағаны анықталды.
Кешкі жағдайда «Көше», «Түнгі қала» рейдтері жүргізіліп отырды. Сынып жетекшілер мен мектептің денешынықтыру пәні мұғалімдері кесте бойынша рейд жасап, ешқандай бұзақылық және түнгі уақытта мектеп оқушылары көшеде, клубтарда, қалада жүрмейтіндігі анықталды. 
Шешімі:
1) Жоғарыда аталған оқушыларға қатаң түрде сөгіс берілсін.
2)  Әрбір тәртіп бұзған оқушыларға және ата-аналарына   қатаң түрде ескерту берілсін.
3) Аталған оқушылардың сынып жетекшілеріне сөгіс берілсін.
Хатшы:                                                                                Г.Спанкулова.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив