04
сентябрь
2023
Б. Қосынов атындағы орта мектебі бойынша ҚР Президенті Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауын ұстаздар арасында тыңдап, насихаттап қажетімізге жарату мақсатында отырыс
04 қыркүйек күні Б. Қосынов атындағы орта мектебі бойынша ҚР Президенті Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауын ұстаздар арасында тыңдап, насихаттап қажетімізге жарату мақсатында отырыс өтті.
Жолдауда айтылған әрбір сөз,әрбір тапсырма әр қазақстандық үшін өте маңызды дүние. Жолдауда біздің кемел келешегіміз, жастарымыздың жарқын болашағы үшін,еліміздің өсіп өркендеуі, халқымыздың мызғымас достығы мен парасаттылығы жатыр.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша мемлекет басшысының биылғы Жолдауы елімізде «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» туралы мұғалімдерге таныстыру жұмысын жүргізіп өтілді.Оның ішінде нақты білім беру саласының мәселелеріне тоқталатын болсақ.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек.
Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет.
Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.
Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн.
Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек.
[media=https://www.instagram.com/p/CwzKK7qMZLe/?hl=en]