№561 бұйрық » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
18
апрель
2022

№561 бұйрық

Алматинская область, Қарасай ауданы, Әйтей ауылы “Б.Қосынов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен” отдела образования Кербулакского района
кезектен тыс директор жанындағы мәжіліс отырысының № 6- хаттамасы


«20» қаңтар 2022ж Әйтей ауылы
Қатысқандар- 100
Қатыспағандар-0

Төрағасы : Д.Саусакбаев
Хатшы: Ж.Әділханова

Күн тәртібінде:
1."Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен таныстыру туралы

ДӘІЖО С.Канагатова
Тыңдалды:
1 мәселе бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен таныстыру туралы ДӘІЖО С.Канагатова айтып өтті .

1.Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер

3. Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей, білім беру ұйымдарының басшылары – "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 130-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.
4. Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
"педагог" – білім беру ұйымдарында;
"педагог-модератор", "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-менеджер", "педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;
"педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші", "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-көшбасшы", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" – әдіскерлер үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
"педагог-шебер" – білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
15. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
1) Біліктілік тестілеуі;
2) эссе;
3) біліктілік бағалауы;
4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
1-параграф. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі
16. Аттестаттаудың бiрiншi кезеңiнде Біліктілік тестілеуі өткiзiледi. Біліктілік тестілеуін тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі – ҰТО) немесе ол белгілеген ұйымға өтініш береді. Біліктілік тестілеуінен өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (мемлекеттік, орыс), күнін, уақытын таңдайды.
21. Біліктілік тестілеуі:
педагогтер:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;
22. Біліктілік тестілеуі келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
2) Бастауыш білім беру педагогтері пәндер бойынша тест тапсырады:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика) – жетпіс тапсырма;
3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
10) Таңдау бойынша дене шынықтыру педагогтері үшін:
1) "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
"Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
2) "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
не тиісті уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес (білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін таңдау бойынша тапсыра алады.
12) Білім беру ұйымдарының (оның ішінде әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
"Заңнаманы білу" бағыты бойынша – сексен сұрақ:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – жиырма сұрақ;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс – жиырма сұрақ;
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – жиырма сұрақ;
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – он сұрақ;
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – он сұрақ;
"Басқарушылық құзыреттер" бағыты бойынша – жиырма сұрақ.

2) Бастауыш оқыту педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 30%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 40%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 70%.
10) Дене шынықтыру педагогтері үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
"Педагогика, оқыту әдістемесі":
"педагог" біліктілік санаты – 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері:
"педагог", "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттары дайындықтың бастапқы деңгейіне сәйкес келеді.
25. Біліктілік тестілеуінің уақыты:
"Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – екі жүз қырық минутты;
"Мектепке дейінгі білім беру" және "Қосымша білім беру" бағыттары үшін – жүз жиырма минутты;
өзге педагогтер үшін – екі жүз он минутты құрайды.
30. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы – "білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін) төмендетіледі.
51. Қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезінде педагогке біліктілік санатын беру (растау) үшін оны кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болса, біліктілік санаты мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Бұл біліктілік санаты аттестаттаудың келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог Біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін бастапқыда өтініш берілген біліктілік санаты бойынша аттестаттаудан өтеді.
52. Педагог тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын алуға (растауға) кезекті аттестаттау үшін өтінішті уақытылы бермеген жағдайда, біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.
53. "Екінші", "бірінші", "жоғары" санаттары бар педагог қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезеңінде өтініш берілген санатқа балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда, біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – "педагог" санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.

54. Тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазады. Берілетін уақыт – 30 минут. Қолданылатын сөз саны – 250-300 сөз. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі
79. Біліктілік санатын кезекті беруге:
"педагог" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, Ұлттық біліктілік тестілеуінен табысты өткен, сондай-ақ мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;
"Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды;
2) "педагог-модератор" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
3) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгерген;
өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, облыс деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
облыс, ел телевидениеде трансляциялауға енгізілген бейне -, телесабақтар дайындады (болған жағдайда);
4) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген;
білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Лучший педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (бар болса) деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын сындарлы айқындайды;
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіреді (болған жағдайда);
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-телесабақтар дайындады (болған жағдайда);
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
5) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, келесі кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (бірлескен авторы) болып табылады немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіреді немесе уорлд скилс (WorldSkill) (кәсіби шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылатын адамдар;
республикалық немесе халықаралық кәсіби конкурстардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін немесе жеңімпаздарын дайындаған;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Лучший педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған жағдайда);
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар (болған жағдайда);
республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған (болған жағдайда) бейне -, телесабақтар дайындаған.
80. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
88. Осы Қағидалардың 87-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
89. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
91. Педагогтер:
біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысын қайта бастағандар;
білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру ұйымдарынан, жоғары оқу орындарынан білім беру ұйымдарына ауысқандар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандық бойынша оқуда (тағылымдамада) болғандар;
педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шетелдерден келген;
педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер білімін, еңбек өтілін растайтын құжаттары болған жағдайда № 338 бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады.
Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі комиссия бір жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте біліктілік санаты берілгенге дейін бір жыл бойы "педагог" біліктілік санаты қолданылады.
Тиісті санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда келесі аттестаттау кезеңінде педагог бастапқы өтініш берілген біліктілік санатына немесе төмен деңгейге Біліктілік тестілеуін тапсырады.
92. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлікке шығуға екі жылдан аз қалған зейнеткерлік жасқа дейінгі педагогтер Біліктілік тестілеуінен босатылады.
93. Зейнетке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негізде өтеді.
94. Мынадай санаттағы педагогтерге:
"санаты жоқ" біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына теңестіріледі;
"екінші санат" біліктілік санаты "педагог-модератор" біліктілік санатына теңестіріледі;
"бірінші санат" біліктілік санаты "педагог-сарапшы" біліктілік санатына теңестіріледі;
"жоғары санат" біліктілік санаты "педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер" біліктілік санаттарына теңестіріледі.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
111. Бiлiктiлiк санатын мерзiмiнен бұрын беруге кезектi аттестаттаудан кейiн екi жыл өткен соң жол берiледi. Педагог Біліктілік тестілеуін сәтті тапсырғаннан кейін және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен соңғы екі жыл ішінде тиісті қызмет нәтижелері болғаннан кейін осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш береді.

3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі
117. Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасу сәтінде жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кешіктірілмей біліктілік санатын беру рәсімінсіз Комиссия шешімімен "педагог-сарапшы" біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өткізіледі.

4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
126. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткер болып отырған біліктілік санатын көрсете отырып, тиісті деңгейдегі комиссияға өтініш береді.
127. Білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар), әдіскерлер (әдістемелік кабинеттер (орталықтар)) басшыларының орынбасарларын аттестаттау осы Қағидалардың 15 -тармағында белгіленген кезеңдерді қамтиды.
128. "Басшы", "басшының орынбасары", "әдіскер" біліктілік санаттары лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.
"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
-Біліктілік санатын беру (растау) үшін жалпы орта білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Сөз сөйлегендер.
1.Ф.Спанкулова ,орыс тілі пәні мұғалімі
–Преподавателиді аттестациялаудан өткізу – кәсіби біліктілікті тексерудің ең дұрыс формасы. Осылайша, сапалы кадр қалыптасады. Сондықтан да бұл дүние бізге керек. Мұғалімнің екі бағыты: пәндік және әдістемелік білімдері сараланады. Тест стандартты білім деңгейін тексереді. Тест тапсырып, өз біліктілігін көрсеткен ұстаз жалақысына қосымша ақша қосы-лады
2.М.Қайпыева,биология мұғалімі
Преподавателиді аттестациядан өткізу – олар¬дың білімдерін жетілдіруге ықпал ететін дүние. Жастарға ашылған жол. Аттестациядан өту – құптарлық дүние. Мұғалім білімді болмай, оқушы білімді болмайды. Мұғалім әрдайым білімін жетілдіріп, бүгінгі заман талабына жауап беру керек.
3.Б.Зулпыхарова,физика пәні мұғалімі
Ұлттық тестілеу орталығы біліктілікті тексеру – кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезең¬дердің бірі деп санайды.Яғни, ұстазды аттеста¬ция¬дан өткізудің пайдасы бар. Білікті ма¬ман¬ға тест тапсыру қиын емес. Главнаясы, өз саласын терең меңгерсе болғаны.
Қаулы:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы басшылыққа алынсын .
2. Бұйрықты басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің біліктілік сапасын көтеру барысында жұмыстар атқарылсын.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив