Тегін тамақтану » Б.Қосынов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2020

Тегін тамақтану

Алматы облысы білім басқармасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы №42-42/171 «Мектеп асханасы» республикалық акциясының өткізу туралы хатын орындау мақсатында мектебімізде 23 қаңтардан бастап « Мектеп асханасы» акциясы бастау алып 20 ақпан күні аяқталды. Акцияның мақсаты асхана жұмысын бақылауға алу, мектеп оқушыларының және ата-аналардың асхана туралы ойларын білу болды. Акцияның орындалуына мектеп әкімшілігі тарапынан бұйрық шығарылып , жұмыс жоспары жасалды. Жұмыс жоспары бойынша бір ай көлемінде жұмыстар атқарылды. Жоспар бойынша оқушылардың тамақтануын қадағалау жұмыстары күнделікті бақылау жүргізілді. Төменде көрсетілген суретте мектепте тегін тамақпен қамтылған оқушыларға берілетін тамақтар көрсетілген. ЖБББ-нен тегін ыстық тамаққа күніне 267теңге бөліндеді. Сондай –ақ оқушылардан мектеп асханасы жайлы сауалнама алынды. Мектеп оқушыларына 4-11 сынып оқушыларына арналған сауална жүргізілді. Қатысқан оқушылар саны: 647 оқушы Тақырыбы: Ыстық тамақты ұйымдастыру. Мақсаты: Әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы жеке тұлғағаның ой-пікірін білу. Сауалнама 7 сұрақтан тұрады. Сауалнаманың нәтижесі: 1. Ыстық тамақты ұдайы ішесіз бе? Ішпесеңіз неліктен? Иә – 78 % Жоқ – 22% 2. Буфет немесе асхана тамағы ұнай ма? Иә- 94% Жоқ – 6 % 3. Үзілісте тамақтанып үлгересіз бе? Иә - 82% Жоқ – 18% 4. Асханаға көңіліңіз толады ма? Иә -95,4% Жоқ – 4,6 % 5. Асхана тәртібі ұнайды ма? Иә- 89% Жоқ – 11 % 6. Залды безендіру, үстелдердің, жиһаздардың орналасуы көңілге қона ма? Иә -82 % Жоқ – 18% 7. Тамақ саласын жақсарту үшін асхана қызметкерлеріне нендей талап-тілек білдірер едіңіз? Жоқ -100% Оқушылар арасында мектептегі ыстық тамақпен қамтылуы бойынша сауалнаманың қорытындысы жақсы деңгейде. Оқушылар өздерінің талап-тілектерін білдірді. Қорытынды: Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы оқушылар көңілінен шығатыны белгілі болды. Қлышбаева Орынбала, мектеп медбикесі, балалардың дұрыс тамақтануы туралы дәрістер өткізді. — Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Дұрыс тамақтанудың бес негізі бар. Тамақ құрамында негізгі қоректік заттар — нәруыз, май, көмірсу болуы тиіс. Бұл — бір. Екіншіден, тамақ рационында витаминдер мен микроэлемент болуы керек. Үшіншіден, тамақ нәрлілігі адамның жасына, денсаулығына, ауа райына байланысты болғаны жөн. Төртіншіден, тәулік бойы тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау қажет. Бесіншіден, тамақтану санитарлық-гигиеналық талаптараға сай болуы тиіс. Айта кету керек, тәулігіне бір, екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі бір мөлшерде үш-төрт рет тамақтану керек. Сонымен қатар тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болғаны дұрыс. Әсіресе, организмге жануар белоктарының маңызы зор. Жануар белогы жалпы белок мөлшерінен 50 пайыздан кем болмауы тиіс. Жануар белогы жетіспесе, балалардың жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршап, оқу үлгерімі нашарлайды. Тәуліктік рационда картоптан бөлек түрлі көкөніс, жеміс-жидектердің жалпы мөлшері 400 грамм болуы керек. Күн сайын сүт және сұйық ашыған сүт өнімдері 500 миллилитрге жуық болуы қажет. Сонымен қатар бала апта бойы жарма түрлері мен ет, балық, жұмыртқаның қажетті мөлшерін қабылдауы тиіс. Жасөспірімдердің тамақ нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы керек. Балалардың тамақтарының құрамында тәулігіне 80-100 грамм нәруыз, 100 грамм май, 380 грамм көмірсу болғаны жөн. Нәруыз — сүттің, дәнді дақылдардың, етттің, салаттың, картоптың; майлы заттар — майдың, жұмыртқаның, сүттің; минералды тұздар мен микроэлементтер — шайдың, шырынның, компот және жеміс-жидектердің құрамында болады. Мектепте оқушыларға міндетті түрде ыстық тамақ берілу қажет. Жоғары сынып оқушылары мектепте 5-6 сағаттан, егер үйірме, секцияларға және басқа қосымша сабақтарға қалатын болса, одан да көп уақыт болады. Сөйтіп, ертеңгілік тамақ пен түскі астың арасындағы үзіліс 7 сағатқа, тіпті одан да көпке созылып кетуі мүмкін. Бутерброд, бәліш, тәтті тағамдар ыстық асқа деген ағзаның қажеттілігін өтей алмайды. Құрғақтай тамақ жеу зиян. Мектепте дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушының үлгерімі мен жұмыс қабілетінің артуына жәрдемдеседі. Таңертеңгілік ас қою, тығыз болғаны дұрыс. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады. Кешкі ас калориялылығы жөнінен таңертеңгілік аспен бірдей болуы керек. Кешкі ас ұйықтардың алдында кем дегенде 1,5-2 сағат бұрын ішілу керек. Әйтпесе, ас қорытуды қиындатады, май жиналуы мүмкін. Ұйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Қазір қыс мезгілі. Қыста ағзаның иммунитетін сақтап, суықтан қорғайтын көп күш қажет. Ол үшін мына кеңесті еске сақтау артық етпейді. B тобының дәрумендері күш береді және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Бұл топтағы дәрумендер көкөністерде, жаңғақта, балық, қызыл ет, қара нан, тары мен қоңыр күріш құрамында бар. C дәрумені жұқпалы инфекция ауруларымен күреседі, қышқылға қарсы құнды дәрумен. Олар цитрус жемісінде, қырыққабат, ақжелкен, мүкжидекте бар. D3 дәрумені кальцийдің сіңірілуіне қажет. Кальций сүтте, маргаринде, теңіз балығында, жұмыртқаның сары уызында және бауыр құрамында бар. Мырыш суықтан қорғап, төзімді етеді. Бауыр, ет, теңіз тағамдары, тары, ашытқы, асқабақ, күнбағыс тұқымы, күнжіт тұқымы мен жұмыртқа құрамында бар. Магний бұлшық еттеріне, қан тамырларына, денсаулыққа маңызды элементтер мен асқорытуға әсер етеді. Магний арпада, бананда, жапырақты көкөністерде және қара шоколадта бар. Селен вирустармен күреседі. Селен нан, бауыр, теңіз тағамдары, қызылша, брокколей, бидай, пияз және жұмыртқа құрамында бар. Мектеп ата-аналары мен мұғалімдері тегін ыстық тамаққа берілетін тамақтардың сапасын бақылау мақсатында дегустация жүргізілді. 3 «А» сынып оқушысы Бейсенбай Амина тамақтың майлылығының көптігін, тұз аздығын тілге тиек етті. Мектебіміздегі география пәнінің мұғалімі Урунбазарова Асель ханым берілген капуста салатының орынына қызылша, алма қосылған немесе сәбіз салаттары ұсынылса деген ұсыныс айтты. 2 ә сынып ата-анасы « Тамақ дәмі жақсы, бірақ тамаққа көкшөптер (зелень) қосылмаса жақсы болар еді, көп оқушылар жей бермейді» деген ұсыныс айтты. Мектебімізідің аспазшысы Шолпан ханым, ұсыныстарды ескеріп, қолға алуды бастайтындығын айтты. Мектеп оқушылардың арасында «Дұрыс тамақтану -денсаулықтың кепілі»тақырыбында қабырға газетін шығару сайысы ұйымдастырылды. Алға шыққан 3 «А» сыныбы, 8 «Б» сыныптары марапатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив