Біз туралы » Страница 68 » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Көңілді тапқырлар алаңы” ойыны
27
февраль
2023
“Көңілді тапқырлар алаңы” ойыны
Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 27.02.2023 жылы жас мамандардың айлығына және “Парасат” бірлестігінің 10 күндігіне байланысты, жоспарға сәйкес оқушылар арасында “Көңілді тапқырлар алаңы” ойыны өткізілді.Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1. Сәлемдесу - (5 мин). Тақырып- еркін. 2. Бес жаңалық- (5 мин). Тақырып-еркін. 3. Үй тапсырмасы -(7 мин). Тақырып- “Қазақ хандығы”. НӘТИЖЕСІНДЕ 🏆Бас Жүлде- 9 сыныптардан құралған “Текқана мужиктар” тобы. 🥇орынды- 10 сыныптардан құралған “Жас Хандар” командасы.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне арналған "Дана халықтың дара перзенті" атты облыстық жас ақындар байқауының "Ақындар айтысы" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ
27
февраль
2023
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне арналған "Дана халықтың дара
2023 жылдың 24 ақпан күні Қонаев қаласында өткен Қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне арналған "Дана халықтың дара перзенті" атты облыстық жас ақындар байқауының "Ақындар айтысы" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алған Б.Қосынов атындағы орта мектебінің оқушысы Нуршабеков Рауан МАРАПАТТАЛДЫ. 💐👏 [media=https://www.instagram.com/p/CpMcuNJD-ZC/]
Б.Қосынов атындағы орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйым белсенділерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз “Алғыс айту” күніне арнап, әр сала қызметкерлеріне өздерінің алғысын білдірді.
24
февраль
2023
Б.Қосынов атындағы орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйым
Б.Қосынов атындағы орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйым белсенділерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз “Алғыс айту” күніне арнап, әр сала қызметкерлеріне өздерінің алғысын білдірді. #Алматыоблысы_мектеп_парламенті #школьное_самоуправление @rumcdo_official @sherraisa @debat.almaty_obl  [media=https://www.instagram.com/p/Co9YKgwDIZH/]
Султанбекова Талшын Полатбековна ата-аналармен жаңа форматта “Адами қарым-қатынас ізгіліктері” тақырыбында жиналыс өткізді
23
февраль
2023
Султанбекова Талшын Полатбековна ата-аналармен жаңа форматта “Адами
Мектебімізде ақпан айының 22.02 күні 9 “Д” сынып жетекшісі Султанбекова Талшын Полатбековна ата-аналармен жаңа форматта “Адами қарым-қатынас ізгіліктері” тақырыбында жиналыс өткізді.Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін,баламен қарым-қатынасты жақсарту,балаға көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Жиналыста сонымен қатар 9 сынып қорытынды аттестаттау ережелері туралы айтылды.Жиналыста ата-аналар өз ойларын ортаға салып
Утешова Маржан  “Жетістік мотивациясы” тақырыбында тренинг өткізді
22
февраль
2023
Утешова Маржан “Жетістік мотивациясы” тақырыбында тренинг өткізді
Физика пәнінің мұғалімі Утешова Маржан жас мамандар арасында “Жетістік мотивациясы” тақырыбында тренинг өткізді. Жас мамандар тренинг жоспары бойынша берілген тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты. [media=https://www.instagram.com/p/Co7P_dcDrke/]  
“Жақсы бала, ата -ана қуанышы” атты 5 “Д” және 7 “Д” сынып ата - аналарына дөңгелек үстелі өтті
21
февраль
2023
“Жақсы бала, ата -ана қуанышы” атты 5 “Д” және 7 “Д” сынып ата -
21.02.2023ж “Жақсы бала, ата -ана қуанышы” атты 5 “Д” және 7 “Д” сынып ата - аналарына дөңгелек үстелі өтті. Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.  [media=https://www.instagram.com/p/CpANPhkDde3/]
“Түйін бір қолмен байланбайды, бір қолмен шешілмейді” атты тимбилдинг
21
февраль
2023
“Түйін бір қолмен байланбайды, бір қолмен шешілмейді” атты тимбилдинг
21.02.23 ж Байгонырова А.С. 10 “а” сыныбымен “Түйін бір қолмен байланбайды, бір қолмен шешілмейді” атты тимбилдинг өткізді. Тимбилдинг мақсаты: Қарым-қатынас барысындағы кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау. [media=https://www.instagram.com/p/Co7P1tSD1G4/]  
“Отаным қазақ елім” әнімен бас жүлдені иеленген мектебіміздің 9 “Ә” сынып оқушысы Құрбанбай Қуаныш және “Алға Қазақстан” әнімен I-орынды иеленген мектебіміздің 9 “Ә” сынып оқушысы Қапар Ильяс.
20
февраль
2023
“Отаным қазақ елім” әнімен бас жүлдені иеленген мектебіміздің 9 “Ә”
«BALA FEST» 🎤🎤 Халықаралық балалар шығармашылығына арналған өнер жобасы аясында ұйымдастырылған ән байқауында “Отаным қазақ елім” әнімен бас жүлдені иеленген мектебіміздің 9 “Ә” сынып оқушысы Құрбанбай Қуаныш және “Алға Қазақстан” әнімен I-орынды иеленген мектебіміздің 9 “Ә” сынып оқушысы Қапар Ильяс. Жігіттерді жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. 👏💐🎤 Жетекшісі музыка пән мұғалімі: Мусирбаева Меруерт Абайқызы. @meruertmusirbaeva 
10 «Б» - 10 «В» сынып оқушыларының арасында «Білгір географ»
18
февраль
2023
10 «Б» - 10 «В» сынып оқушыларының арасында «Білгір географ»
Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 16.02.2023 жылы Парасат бірлестігінің «Тәуелсіз елім – тірегім» атты айлығының жоспарына сайкес география пәнінің мұғалімі Әлиев Жалғас Амангелдіұлының 10 «Б» - 10 «В» сынып оқушыларының арасында «Білгір географ» атты танымдық сайысы болып өтті. Мақсаты: 1. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру, 2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу. 3.
АӘТД және пән мұғалімі Г.Бекмуратовтың ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларына Әйтей округтың учаскелік полиция қызметкерлері полициясы капитаны Д.К Токтаров пен полиция лейтенанты Н. Тлеуберлыулынын қатысуымен жиын өткізілді
17
февраль
2023
АӘТД және пән мұғалімі Г.Бекмуратовтың ұйымдастыруымен жоғарғы сынып
«Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 17 ақпан күні АӘТД және пән мұғалімі Г.Бекмуратовтың ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларына Әйтей округтың учаскелік полиция қызметкерлері полициясы капитаны Д.К Токтаров пен полиция лейтенанты Н. Тлеуберлыулынын қатысуымен жиын өткізілді. Жиынның тақырыбы: «Теракт қаупі төнгендегі іс-әрекеттер» Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен