29
ноябрь
2018
"Қазақстан балалар көзімен" қабырға газетін шығару
Мектебімізде "Бала құқығы - адам құқығы" республикалық онкүндік аясында "Қазақстан балалар көзімен" атты 5-10 сынып оқушылары қабырға газетін шығарды. Мақсатымыз оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу. Сурет сала отырып, балалар өздерінің ұшқыр қиялдарымен болашақта Қазақстанды қалай елестетіндігін, қазіргі жағдайдағы елімізді қалай дамытатындығын сурет арқылы сипаттап берді. Әсіресе 5 сынып оқушылары арасында көгершінді көп бейнелеген. Сұрақ қойып, мақсатын сұрағанымызда "Көгершін - бейбітшшілік бейнесі! Соғыс ешқашан болмасын, Аспанымыз ашық болсын!" деген тілекттер айтып, жауап берді.