Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!! » Б.Қосынов атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!
31
декабрь
2020

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!

pr-chd-zolotuhin-i-mejrzhan-kaz-_docx.doc [42,5 Kb] (cкачиваний: 4)
Посмотреть онлайн файл: pr-chd-zolotuhin-i-mejrzhan-kaz-_docx.doc

 


ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жас тұлғалар, өз саласының көшбасшыларының қатысуымен кезекті онлайн «Адалдық сағатын» өткізді.

Бүгінгі бейне-дәрістердің кейіпкерлері жас ғалым, ғылым докторы және 9 патенттің иегері Евгений Золотухин және талантты журналист, журналистер одағының мүшесі Мейіржан Әлібекұлы болды.

«Ғылымдағы парасаттылықтың рөлі қандай?» – осы сұраққа Қостанай облысының ірі өңірлік жоғары оқу орнының табысты оқытушысы, жатып сығымдаудан спорт шебері және үлгілі отағасы Евгений Золотухин бес минуттық роликте жауап берді.

Бейне-дәріс барысында ол жас көрермендерге ғылымда алғашқы қадамдарын қалай жасағандығы, оның кумирі кім екендігі және білім беру саласындағы жетістік жақындардың қолдауымен, командалық жұмыссыз мүмкін еместігі туралы айтты.

М.Әлібекұлы да парасаттылық пен адалдық туралы ойымен бөлісті.

Мейіржанды көпшілік ұлттық арнадағы жексенбілік сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасын жүргізген кезінен таниды. Қазақстанның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуы туралы кәсіби репортаждарымен де танымал. Бүгінде ол «Qazaqstan» РТРК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалын басқарады.

Бейне-дәріс барысында М.Әлібекұлы «парасатты адамды білімі, терең ойлары, игі істері ерекшелендіреді» деп атап өтті.

Әр түрлі қызмет салаларында еңбек ететін екі түрлі тұлға, елдің екі патриоты бір дауыспен жастарды оқуға, еңбек етуге, дамуға, жақындары мен достарын құрметтеуге, Отанын сүюге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар мен студенттер белгілі отандастарымыздың шығармашылығы мен табыс тарихын зерделеп, адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелерін талқылап, сондай-ақ мәдениет, ғылым, спорт, өнер және т. б. салалардағы өзекті жаңалықтармен танысады.

«Адалдық сағаты» аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.


Мейржан Әлібекұлымен бейне-дәріске сілтеме: 

https://www.youtube.com/watch?v=aKjFbH7VbUE&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=3 

Евгений Золотухинмен бейне-дәріске сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=zwNsXMyd2RY&feature=youtu.be 


pr-chd-zolotuhin-i-mejrzhan-kaz-_docx.doc [42,5 Kb] (cкачиваний: 4)
Посмотреть онлайн файл: pr-chd-zolotuhin-i-mejrzhan-kaz-_docx.doc
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив