Ақпарат » Страница 57 » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өнер" бірлестігінің онкүндігі
14
апрель
2023
"Өнер" бірлестігінің онкүндігі
Көркем еңбек пәні мұғалімі Шакиров Исатай Химатович " Өнер" бірлестігінің онкүндігінде орай мектебімізде 6-7 сынып арасында " Жас суретші" байқауын ұйымдастырды. Оқушылар өте керемет суреттер салды . [media=https://www.instagram.com/p/CrAXtoFINyN/]
"Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және "Арт терапия" тақырыбында ашық сабақ
14
апрель
2023
"Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және "Арт терапия"
Бүгін мектепте "Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және "Арт терапия" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар мен мұғалімдер сурет салып қана қоймай қызығушылық пен белсенділік танытты!!!Сабақты көркем еңбек пәні мұғалімі Турсынбекова Гульнара Толеуовна өткізді!!! [media=https://www.instagram.com/p/Cq-4cjxMXMY/]  
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда дизайнның маңызы” тақырыбында семинар
14
апрель
2023
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда дизайнның маңызы” тақырыбында
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда дизайнның маңызы” тақырыбында семинар өтті. Семинарда қазақ тілі мен әдбиеті пәнінің мұғалімі Ж.Жахан мен Г.Спанкулова өз тәжірибесімен бөлісті. “Word ART” және “POWER POINT” бағдарламасын түрлендіріп қолдану жолдарын көрсетті. [media=https://www.instagram.com/p/Cq-33YKgOI8/]
ана мен баласы арасында “ Ой мен ойын” ойын сабағы
13
апрель
2023
ана мен баласы арасында “ Ой мен ойын” ойын сабағы
11 сәуір күні ұстаз ана мен баласы арасында “ Ой мен ойын” ойын сабағы болды. Ойын сабағымыздың мақсаты, анасы мен баласының арасындағы қарым-қатынас нығайту, бірін бірі түсінуі. Ата ана мен оқушылар өте белсенді қатысып отырды . Ойын сабақ үш айналымнан тұрды. 1. “Армандау “ , 2. “ Мені түсін”, 3. “ Фобия” ойыны. Сабақ соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп ,кері байланыс беріп өтті. [media=https://www.instagram.com/p/CrAQdvQIlU8/]  
ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ не орай мектепішілік “Батпырауық 2023” байқауы ұйымдастырылды
13
апрель
2023
ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ не орай мектепішілік “Батпырауық 2023” байқауы
Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 12 – ші сәуір күні ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ не орай мектепішілік “Батпырауық 2023” байқауы ұйымдастырылды. Мектеп ауласында қолдан жасалынған Батпырауықтарды 5-6-7 сынып оқушылары жасап ұшырды. Қатысқан барлық оқушыларға арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. [media=https://www.instagram.com/p/Cq8R8RoA5MQ/]  
“Жаңа Қазақстанның, Әділ Қазақстанның жастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы!” тақырыбында іс-шара өткізілді
13
апрель
2023
“Жаңа Қазақстанның, Әділ Қазақстанның жастары, сыбайлас жемқорлыққа
12.04.2023 жылы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде Адал Ұрпақ ұйымының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстанның, Әділ Қазақстанның жастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы!” тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ұйым мүшелері мектеп оқушыларына “Құқық дегеніміз не? Пара дегеніміз не? Заң дегеніміз не? және сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда қандай жаза қолданылатыны” туралы баяндама оқылды. «Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. “Болашақ”
"Үздік информатика пәні мұғалімі-2023" байқауы
13
апрель
2023
"Үздік информатика пәні мұғалімі-2023" байқауы
"Алматы облысының білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі " мемлекеттік мекемесі 10.04.23ж. "Үздік информатика пәні мұғалімі-2023" байқауын өткізді. Байқау екі кезеңнен тұрады: 1. 15 минуттық "Ықшам сабақ" 2. "Шебер информатик" оқу бағдарламасы негізінде дайындалған Python бағдарламалау тілінде есептер шығару. Б.Қосынов орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Тусипбаева Акмарал байқауға қатысып, 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
"Мен-өз кейіпкерімнің режиссерімін" атты аудандық кинотайм байқауы
11
апрель
2023
"Мен-өз кейіпкерімнің режиссерімін" атты аудандық кинотайм байқауы
"Алматы облысының білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі " мемлекеттік мекемесі сәуір айының бесі күні "Тіл тұмар" жобасы аясында "Мен-өз кейіпкерімнің режиссерімін" атты аудандық кинотайм байқауын өткізді. Кинотайм байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арнайы берілген шығармалар негізінде мазмұнын түсіндіре отырып, бейнеролик түсіру керек болды. Б.Қосынов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Айнаш байқауға қатысып, Б. Момышұлының "Ұшқан
"МИФ" бірлестігінің ұйымдастырумен 9 сыныптар арасында " XXI ғасыр көшбасшысы" сайысы өтті
10
апрель
2023
"МИФ" бірлестігінің ұйымдастырумен 9 сыныптар арасында " XXI ғасыр
7.04 күні "МИФ" бірлестігінің ұйымдастырумен 9 сыныптар арасында " XXI ғасыр көшбасшысы" сайысы өтті.Сайыс 5 кезеңнен тұрды.Сайыс соңында жүзден жүйрік тер анықталып, 1 орынды 9 "А" сынып оқушысы Унгарбай Бейбарыс, 2 орынды 9 "В" сынып оқушысы Есімбек Жандос , 3 орынды 9 "А" сынып оқушысы Хабилхан Кәусар жеңіп алды. Сайыс қызық,тартысты өтті. [media=https://www.instagram.com/p/CqveKIjMyZP/]
"Discovery" ағылшын тілі бірлестігінде кезекті отырысы
10
апрель
2023
"Discovery" ағылшын тілі бірлестігінде кезекті отырысы
"Discovery" ағылшын тілі бірлестігінде кезекті отырыс өткізілді. Күн тәртібінде 3-тоқсандағы атқарылған жұмыстар қорытындысы және пән мұғалімдерінің есебі талқыланды. Әдістемелік күн қорытындысы да талданды. Бірлестік жетекшісі С.Касымжомартова 9-11сыныптардағы қорытынды аттестаттау туралы айтып өтті. [media=https://www.instagram.com/p/CquwMbLsRAQ/]