5 «В» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ
Қазан айының 18-ші жұлдызында 5 «В» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Нұрмағанбетова Гүлнұр Маратқызы. Сабақтың тақырыбы: «Дұрыс және бұрыс бөлшектер». Сабақтың мақсаты: Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата білу. Сабақтың ұйымдарстыру кезеңінде ұлттық құндылықты негізге ала отырып, асық ойыны арқылы жаңа тақырып ашылды. Сабақ барысында оқушылар тапсырмаларды жұппен, топпен орындау арқылы бірлесе жұмыс жасауды, бір бірін құрметтеуді, бір бірін бағалауды үйренді.