03
февраль
2023
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Примбетова Сауле Балтабаевна 10 “Б” және 10 “В” сыныптар арасында“ Мектеп бренді: құру, басқару, дамыту” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Бүгін 3 ақпан 2023 оқу жылы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Примбетова Сауле Балтабаевна 10 “Б” және 10 “В” сыныптар арасында “ Мектеп бренді: құру, басқару, дамыту” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Бұл іс-шарада екі сыныптың оқушылары болашақта біздің мектебімізде “ нені брендке айналдыра аламыз?” деген сұраққа жауап іздеп көрді. Мұғалімдер және оқушылар арасында бұл сұраққа қызу пікірталас пайда болды. Әр сынып оқушылары келешектегі жоспарларымен бөлісті, және осы Б.Қосынов мектебінің “бренді” бола алатын жобаларын ары қарай дамытып, жалғастыратындарын айта кетті.
[media=https://www.instagram.com/p/CoM2fwxDiXG/]
[media=https://www.instagram.com/p/CoM2fwxDiXG/]