17
октябрь
2022
"2022 - Балалар жылы" аясында мектебімізде 8-сыныптар арасында "Физика - әлем кілті" атты интеллектуалды сайыс
17 қазан күні "2022 - Балалар жылы" аясында мектебімізде 8-сыныптар арасында "Физика - әлем кілті" атты интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын ояту, алған теориялық білімдерін практика жүзінде көрсету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, алған білімдерін нығайту. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: "Таныстыру, бұл кім,ол не?( Kahoot программасымен), шатасқан әріптер, эксперимент және көрініс". Оқушылар сайысқа жоғары деңгейде қатыса отырып, қорытындысында 1-орынды 8"В"
2-орын 8"А", 3-орын 8"Г" сынптары марапатталды. Топ ішінен де дара да талантты, тапқыр оқушылар номинациялармен марапатталды. Сайысты пән мұғалімі Утешова Маржан Жұмабекқызы өткізді. Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
[media=https://www.instagram.com/p/Cj0WodOjPEP/]