10
октябрь
2022
Сыныптан тыс география және тарих пәндерінен іс – шара өткізілді
10 қазан күні 9 «В» сыныбында сыныптан тыс география және тарих пәндерінен іс – шара өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық ойын арқылы жеткізу. Оқушыларға жоспар таныстырылды, әр топ ұрандарын хормен айтты. 2 топқа мәтін үлестіріліп, мәтіннен топтың атауын анықтады. І айналымда тақтаға ұяшықтар ілініп, топ балалары ұпай бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұпайлары берілді, оқушылар қызығушылық пен белсенді қатысты. ІІ айналымда топ басшылары арасында сайыс өткізілді. ІІІ айналымда суреттер сөйлейді. Қабырғаға тарихи тұлғалардың суреттері жасырылып, өмірбаяны ілінді, сол мәтінді оқу арқылы қандай тұлға екенін анықтады. ІV айналымда Ұлттық құндылық деп аталды. 1 топқа – Қазақ ақын жазушыларының тарихи шығармаларын атады. 2 – топқа Абайдың табиғат жайында жазылған шығармаларын атады, мезгілдер өлеңдерін жатқа айтты. Сайыстың соңында бейне сұраққа жауап берді. Қорытынды жеңген топты мадақтап, оқушыларға сыйлықтар таратылды.
[media=https://www.instagram.com/p/CjivAaVDXH4/]
[media=https://www.instagram.com/p/CjivAaVDXH4/]