Мектепке бос лауазымдарды тағайындау конкурсы » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2022

Мектепке бос лауазымдарды тағайындау конкурсы

Мектепте бос тұрған педагог лауазымына тағайындау конкурсының басталуы

«Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
      Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей округі, Әйтей ауылы, «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналды мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды:

- Директордың тәрбие ісі жөніндегі – бір лауазым бос орынға;
- Білім беру ұйымының әлеуметтік педагогі – бір лауазым бос орынға;

Конкурс жариялаған мекеме атауы: «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
Конкурс өткізу орны: Әйтей ауылы, 050009, Наурыз көшесі, 8
Байланыс телефоны: +7(727) 713 68 69
Электронды мекен-жайы: sh.b.kosynov@mail.ru 
1. Конкурс қазан айының 06 күні сағат 16.00-де «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 47 кабинетінде өткізіледі
2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдауды «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналды мемлекеттік мекемесінің 47 кабинетінде (немесе қабылдау бөлмесінде) 2022 жылдың 30 қыркүйек сағат 10.00-ден, қазанның 6 күні сағат 15.00-ге дейін жүргізіледі. 
Құжаттар күнделікті (дүйсенбі-жұма күндері) сағат 09.00-17.00 аралығында қабылданады.
3. Кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау 30.09.2022 жылғы сағат 10.00-ден бастап жүргізіледі
4. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы 06.10.2022 жылы сағат 16.00-де
5. Конкурсқа қатысатын бос лауазымдардың негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;
6. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
Оқушылармен жұмыс істей білуі, оларға өз бағыты бойынша дұрыс және толыққанды білім беруі...
7. Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі; 
Конкурс өткізу туралы хабарлама 2022 жылы 30 қыркүйек күні сағат 10.00-де жарияланды.
8. Қажетті құжаттар тізбесі;
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      9. уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі. Декреттік демалысқа 2022 жылдың мамыр айынан бастап кеткен педагогтың жұмысқа қайта шығуына дейін.


Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
- жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы;
- педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы;
- компьютерде және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламалармен жұмыс жасай білуі;
- кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырады және мөрмен расталады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив