«Тағылым » қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде Әдістемелік отырысы » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тағылым » қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде Әдістемелік отырысы
25
август
2022

«Тағылым » қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде Әдістемелік отырысы

25 тамыз күні «Тағылым » қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде Әдістемелік отырыс болды.
Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби дамуын және тәжірибесін арттыратын мүмкіндіктер
Мақсаты: Қазақ тілінің әлеуметтік-қоғамдық қызметі туралы біртұтас білім бере отырып, тілдің танымдық , құрылымдық, тарихи мәнін, тілді қолданудың нормативті жүйесін игеріп, сөйлеу мәдениеті тәсілдерін меңгерген, ұлттық рухты бойына сіңірген дара тұлға тәрбиелеу
«2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру туралы» А. Абишева талдады.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру жайында Ж.Жахан ең басты 6 құндылықты (құрмет, патриотизм және жауапкершілік, ашықтық, еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алу, ынтымақтастық ) сабақ барысында оқушы бойына сіңіруі қажет екені айтылды.
2022-2023 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы БЖБ тапсырмаларындағы өзгерістер жөнінде Г.Доғарова айтып өтті. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.
5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылатынын айтты.
Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Ж.Әділханова айтып өтті. Оқу ұзақтығының ұзаруына байланысты апта сағаттарының өзгеруі кейбір сыныптарда оқу мақсаттарының жеңілдетілуі, үлгілі оқу жоспарындағы өзгешеліктер туралы айтты.
Отырыс соңында директордың оқу ісі әдістемесі жөніндегі орынбасары С.Қанағатова өз ұсынысын айтты.\
[media=https://www.instagram.com/p/ChtZGaYjEiZ/]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив