16
июнь
2022
«ТҮЛЕКТЕР 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!» атты қорытынды аттестат тапсыру салтанатты жиыны болып өтті.
2022 жылдың 16 маусымында сағат 10.00- де «Б. Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «ТҮЛЕКТЕР 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!» атты қорытынды аттестат тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиын сағат 10:00 де басталып, сағат 11:30 да аяқталды. Жиынға 56 бітіруші түлектер және ата-аналары қатысты. Салтанатты жиынның қонағы болып Әйтей ауылдық округының әкімі Катубаев Жарқын Қанатұлы және Айтей ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Джунисов Болат Манабайұлы қатысты. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Саусакбаев Даурен Болатұлына берілді. Келген қонақтарда түлектерге сәт сапар тілеп , жылы лебіздерін білдірді. Жиында бітіруші түлектердің мектеп өмірінен бейне баян түсіріліп, көрсетілді. 11 сынып түлектері «Қош бол мектебім» әнің орындап. Салтанатты жиында түлектердің ұстаздарға деген ыстық, қимас тілектері тыңдалды. Мектеп бітірушілерге арналған аттестат тапсыру жиыны өз мәресіне жетті. Жиын өз деңгейінде өткізіліп, әр түлек өз ата-аналарымен үйлеріне қайтарылды.
[media=https://www.instagram.com/p/Ce2_fi2DH3M/?utm_source=ig_web_copy_link]
[media=https://www.instagram.com/p/Ce2_fi2DH3M/?utm_source=ig_web_copy_link]