20
май
2024
9,11 сынып оқушыларына оқу жылы соңында қорытынды аттестаттау емтихандары болатын пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Умбетаева Зульфия Кимебаевна сұхбат жүргізуі
“Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен”кмм-де 2023-2024 оқу жылында мектепте 9 сыныптар бойынша -136 оқушы,ал 11 сыныптар бойынша-75 оқушы НОБ және ЖОБ аяқтап отыр. Соның ішінде 6 оқушы “Алтын белгі” төсбелгісіне үміткер, ал 13 оқушы “Үздік аттестатқа” бітіргелі жатыр. 2024 жылы 16 мамырда биылғы оқу жылында негізгі орта мектепті және жалпы орта мектепті бітіруші 9,11 сынып оқушыларына оқу жылы соңында қорытынды аттестаттау емтихандары болатын пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Умбетаева Зульфия Кимебаевна сұхбат жүргізіп, емтихан өткізу тәртібімен таныстырды. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің білім сапасы, Ұлттық Біріңғай тестілеуге дайындықтары туралы мұғалімдер ой бөлісті. Мемлекеттік тіліміз “қазақ тілінің” мәртебесін көтеру мақсатында биылғы 2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8,10 сыныптарда аралық аттестаттау қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен жүргізілетіндігін айтып өтті. Оқу жылының аяқталуына байланысты ерекшеліктер бойынша мұғалімдер ой бөлісті.
https://www.instagram.com/p/C7LtvewigGr/
https://www.instagram.com/p/C7LtvewigGr/