19
октябрь
2023
6д сыныбында математика пәнінен ашық сабақ
Қазанның 19-ыншы жұлдызында 6д сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ тақырыбы: "Екі теріс санды қосу. Таңбалары әртүрлі сандарды қосу". Сабақтың мақсаты: Теріс рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару. Ұйымдастыру кезеңінде "Қазағым" әнін оқушылардан құралған оркестрмен орындау арқылы психологиялық ахуал қалыптастырылды. Постер қорғау арқылы жаңа тақырыпты ашу көзделді. Сабақ барысында топтық және функцияналдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды. Координаталық түзу құрастыру арқылы сергіту сәті өткізіліп, тапсырма барысында құралған сөздердің (ұлттық ойын, ұлттық киім, салт-дәстүр) мағынасына тоқталып, оқушылардың пікірі тыңдалды. Сабақ мақсатында жетіп, үй тапсырмасы берілді.
[media=https://www.instagram.com/p/CynYHX5sMXL/]
[media=https://www.instagram.com/p/CynYHX5sMXL/]