"Әжемнің ертегісі" жобасы
Мектебімізде 04 наурыз күні "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында 3"Б"сынып оқушылары "Әйел-Ана" ертегісін өз деңгейінде сомдады. Бұл ертегінің мақсаты оқушыларға Әйел-Ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.