UNT-ға жылдам дайындалу техникасы. » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
17
January
2022

UNT-ға жылдам дайындалу техникасы.

UNT-ға аз ғана күн қалды деп конспектілерді қайталап оқуға, дұрыс білмейтін жерлеріңізді қайта толықтыруға немесе өзіңіз арнайы құрған жоспар бойынша дайындалуға болады. Осылайша есіңізге көбірек ақпарат сақтап, дайындықты азайтқаныңыз дұрыс. Олай болса назарларыңызға UNT-ға жылдам дайындалу техникасын ұсынамыз:

1. Дайындықты жоспарлау. Біріншіден, өзіңіздің биологиялық ритміңізді анықтаңыз. Яғни ерте жатасыз ба, әлде кеш ұйықтайсыз ба? Осыған сәйкес кесте құрыңыз. Әр күні қандай тақырыптарды дайындайтындығыңызды нақты анықтап алыңыз. UNT-ның алдында бір күн бұрын жақсылап демалып, таза ауада серуендеңіз. 

2. UNT-ға дайындалуға арналған «3-4-5» техникасы. UNT-ға дейін қалған уақытты (апта, ай, жыл) 3 бөлікке бөліңіз. Мысалы, өзіңізде бар 15 күнді бес-бестен бөліңіз. Алғашқы 5 күні барлық материалды 3 деген бағаға меңгеріңіз. Екінші 5 күнде ең нашар білетін тақырыптарыңызды жақсылап меңгеріп алыңыз. Ал соңғы 5 күннің ішінде біліміңізді тест көмегімен тексеріңіз.

UNT кезінде есте сақтау қабілеті жақсаратын мезгілді де ескергеніңіз жөн. Таңертеңгі сағат 8-12 арасында адамның материалдарды меңгеру мүмкіндіктері артады. Бұдан кейінгі жақсы мезгіл – сағат 17-19 арасы. Бәрібір оқыған сабақтарыңыз есте қалMayтындықтан, сағат 13-15 арасында дайындалмаған абзал.  

3. Бірінші қиыны. Дайындықты әрдайым өзіңіз нашар білетін сабақты оқудан бастаңыз. Дайындық пен демалысты кезектестіріп отырыңыз: 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Демалыс кезінде белсенді қозғалуға тырысыңыз. Үйдегі гүлдерге су құйыңыз, жаттығулар жасаңыз, душқа түсіңіз және 1 стақан су немесе көк шәй ішіп алыңыз. Сусын мидың жұмысын жақсартады. UNT-ның алдында ең қиын сұрақтарды тағы да бір рет қайталап шығу үшін 1 күн қалдырыңыз.

4. UNT тестілерімен дайындалу. Өзіңізден үлкен әпкелеріңіз бен ағаларыңыздан тест кітапшаларын сұраңыз. Интернет сайттарындағы тестілерді орындаңыз. Мұның көмегімен болашақта қандай сұрақтар болуы мүмкін екенін білетін боласыз.

5. Қысқаша конспект дайындаңыз. Өзіңіз білмейтін сұрақты тереңірек талдап, оны қағаз бетіне сурет арқылы немесе сызба арқылы түсіріңіз. Егер естігеніңізді есте жақсы сақтайтын болсаңыз, оқыған конспектілеріңізді аудиожазба ретінде жазып отырыңыз. Оларды автобуста, серуендеп жүрген кезде тыңдауға болады.

6. UNT және құрғақ жаттау. Бұл тәсілді ең соңғы мүмкіндік ретінде ғана қарастырған жөн. Оны UNT-ға аз уақыт қалған кезде ғана пайдалануға болады. Яғни өзіңіз толық түсінбей жатқан материалды тақпақ секілді зудыратып жаттап алыңыз.

7. UNT және қауырт дайындық. Бұл жағдайда ақпаратты таңдап алып жаттаңыз. Меңгеру керек материалды 7 бөлікке бөліңіз. Себебі біздің миымыз бір уақытта 7 түрлі ақпаратты ғана өңдеп шығара алады. Артынша әр тақырыпқа арналған 7 қағаз алыңыз. Олардың әрқайсысына нақты мәліметтерді жазыңыз: тірек сөздер, қысқа фразалар, формулалар, даталар. Жазып отырған кезде оқулықтарды пайдаланабай, тек есте сақтау қабілетіңізге сүйеніңіз. Бұдан кейін жазғандарыңызды кітаптағымен салыстырыңыз. Қатеңізді түзеп, дұрыс жауапты да жазыңыз. Уақытыңыз болса, бұл әдісті қосымша тақырыптарға да қолдануыңызға болады. Сынақ тестін тапсырар кезде осы қағаздарға зер салыңыз.

8. Бұдан кейін уақытпен дайындалып үйренген жөн. Бір сұраққа 2 минуттан артық уақытыңыз кетпеуін қадағалаңыз.

9. Әр тақырыпқа арналған карточка жасаңыз. Тақырыпқа сәйкес формулалар мен тірек сөздерді де жазып отырыңыз. Мұның барлығы UNT-ға кірер кезде бір рет жақсылап қайталап алуға көмектеседі.

10. Алаң болмаңыз! UNT-ға өз күшіммен дайындаламын деп шешкен болсаңыз, әлеуметтік желілерден, телефоннан, артық жиын-тойдан бас тартыңыз.

Жоғарыдағы 10 тәсілді меңгеру арқылы қалаған нәтижемізді алуға болады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив