Method and experience » Страница 41 » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Almaty region білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
8-сынып оқушылары арасында “Ғалымдар әлеміне саяахат” атты сайысы
17
April
2023
8-сынып оқушылары арасында “Ғалымдар әлеміне саяахат” атты сайысы
14.04.2023 жылы жаратылыстану бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында “Ғалымдар әлеміне саяахат” атты сайысы өтті. Сайыс 2 кезеңнен тұрады. 1-кезеңде Ғалымдар жайлы таныстырылды. 2-кезең : “Ғажайып алаң “атты ойын ұйымдастырылды. Сайыс өз мақсатына жетті әрі сайыс барысында оқушылар өз білімдерін көрсете алды . 8 “Г”сынып оқушысы Қожагелді Ботагөз жеңімпаз атанды.  [media=https://www.instagram.com/p/CrLyKHPgvEa/]
"Тағылым" қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің отырысы
17
April
2023
"Тағылым" қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің отырысы
"Тағылым" қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1. ІІІ тоқсан қорытындысы. 2. Оқушының жазу сауаттылығын қалыптастыру жолдары. 3.Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары туралы ақпарат дайындау. 4. PISA оқушылардың халықаралық бағалау бағдарамасы бойынша оқушылармен жұмыс барысын ұйымдастыру. 5. Қазақ тілі сабағында АКТ-ны қолдану . Отырыс барысында аталған мәселелер қарастырылып, жауапты мұғалімдер сөз сөйледі.
"Өнер" бірлестігінің онкүндігі
15
April
2023
"Өнер" бірлестігінің онкүндігі
"Өнер" бірлестігінің онкүндігінде орай 8 "А", 8 "В" сынып қыздар арасында "Кім іскер? Кім шебер? " сайыс сабақ өтті. Екі сыныпта өте белсенді қатысты. [media=https://www.instagram.com/p/CrAQfCfojsd/]
«Парасат» тарих география бірлестігінің ұйымдастыруымен 21ғасыр көшбасшыларын марапаттау сәті
14
April
2023
«Парасат» тарих география бірлестігінің ұйымдастыруымен 21ғасыр
14.04.2023ж Б.Қосынов атындағы орта мектебімізде «Парасат» тарих география бірлестігінің ұйымдастыруымен 21ғасыр көшбасшыларын марапаттау сәті болып өтті. 5-10 сыныптар арасында. 5 сыныптар арасынан Ерболатұлы Ернұр, 6 сыныптар арасынан Жантаева Балым, 7 сыныптар арасында Құрбанбай Ару, 8 сыныптар арасында Нұрбайқызы Гүлім, 9 сыныптар арасында Унгарбаев Бибарыс марапатталды. Оқушылар өздерінің білімдерімен бөлісіп сыныптастарына үлгі бола білді. [media=https://www.instagram.com/p/CrDFW1hg39y/]
"Өнер" бірлестігінің онкүндігі
14
April
2023
"Өнер" бірлестігінің онкүндігі
Көркем еңбек пәні мұғалімі Шакиров Исатай Химатович " Өнер" бірлестігінің онкүндігінде орай мектебімізде 6-7 сынып арасында " Жас суретші" байқауын ұйымдастырды. Оқушылар өте керемет суреттер салды . [media=https://www.instagram.com/p/CrAXtoFINyN/]
"Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және "Арт терапия" тақырыбында ашық сабақ
14
April
2023
"Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және "Арт терапия"
Бүгін мектепте "Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және "Арт терапия" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар мен мұғалімдер сурет салып қана қойMay қызығушылық пен белсенділік танытты!!!Сабақты көркем еңбек пәні мұғалімі Турсынбекова Гульнара Толеуовна өткізді!!! [media=https://www.instagram.com/p/Cq-4cjxMXMY/]  
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда дизайнның маңызы” тақырыбында семинар
14
April
2023
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда дизайнның маңызы” тақырыбында
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда дизайнның маңызы” тақырыбында семинар өтті. Семинарда қазақ тілі мен әдбиеті пәнінің мұғалімі Ж.Жахан мен Г.Спанкулова өз тәжірибесімен бөлісті. “Word ART” және “POWER POINT” бағдарламасын түрлендіріп қолдану жолдарын көрсетті. [media=https://www.instagram.com/p/Cq-33YKgOI8/]
ана мен баласы арасында “ Ой мен ойын” ойын сабағы
13
April
2023
ана мен баласы арасында “ Ой мен ойын” ойын сабағы
11 сәуір күні ұстаз ана мен баласы арасында “ Ой мен ойын” ойын сабағы болды. Ойын сабағымыздың мақсаты, анасы мен баласының арасындағы қарым-қатынас нығайту, бірін бірі түсінуі. Ата ана мен оқушылар өте белсенді қатысып отырды . Ойын сабақ үш айналымнан тұрды. 1. “Армандау “ , 2. “ Мені түсін”, 3. “ Фобия” ойыны. Сабақ соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп ,кері байланыс беріп өтті. [media=https://www.instagram.com/p/CrAQdvQIlU8/]  
ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ не орай мектепішілік “Батпырауық 2023” байқауы ұйымдастырылды
13
April
2023
ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ не орай мектепішілік “Батпырауық 2023” байқауы
Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 12 – ші сәуір күні ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ не орай мектепішілік “Батпырауық 2023” байқауы ұйымдастырылды. Мектеп ауласында қолдан жасалынған Батпырауықтарды 5-6-7 сынып оқушылары жасап ұшырды. Қатысқан барлық оқушыларға арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. [media=https://www.instagram.com/p/Cq8R8RoA5MQ/]  
“Жаңа Қазақстанның, Әділ Қазақстанның жастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы!” тақырыбында іс-шара өткізілді
13
April
2023
“Жаңа Қазақстанның, Әділ Қазақстанның жастары, сыбайлас жемқорлыққа
12.04.2023 жылы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде Адал Ұрпақ ұйымының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстанның, Әділ Қазақстанның жастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы!” тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ұйым мүшелері мектеп оқушыларына “Құқық дегеніміз не? Пара дегеніміз не? Заң дегеніміз не? және сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда қандай жаза қолданылатыны” туралы баяндама оқылды. «Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. “Болашақ”