Method and experience » Страница 28 » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Almaty region білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
Сабақтың тақырыбы: "Ақиқат кестесін құру"
17
October
2023
Сабақтың тақырыбы: "Ақиқат кестесін құру"
Қазан айының 17-ші жұлдызында 10 "Ә" сыныбында информатика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Нұрулла Балжан Қалдыбайқызы. Сабақтың тақырыбы: "Ақиқат кестесін құру". Оқу мақсаты: берілген логикалық элеметтер үшін ақиқат кестесін құру. Топ оқушылары оқу мақсатына жету барысында жаңа тақырыппен танысты және тапсырмалар орындады. Google form арқылы тест жшмысы берілді. Google презентация арқылы жаңа сабақ материалдары көрсетілді. [media=https://www.instagram.com/p/Cylm-6yMGil/]  
"Алтын сақа", "Алтын тұғыр", "Алтын түлек" олимпиадаларына байланысты семинар-тренинг
17
October
2023
"Алтын сақа", "Алтын тұғыр", "Алтын түлек" олимпиадаларына байланысты
17.10.2023жылы Алтын ауыл мектебінде Қарасай ауданы бойынша "Алтын сақа", "Алтын тұғыр", "Алтын түлек" олимпиадаларына байланысты семинар-тренинг өтті. Семинарды аталған олимпиадалардың авторы Рысбек Мәуіт өткізді. Семинарда олимпиада есептерінің құрылымы айтылып, кейбір есептердің шығарылу жолдарына мысал келтірілді. Жоғарғы сынып оқушыларының "Алтын түлек" олимпиадасынан жүлделі орындар алып, грант иегері атануға мүмкіндік алатындығы атап өтілді.
“Күз-мереке, күз-береке” тақырыбында табиғи материалдан жасалған қолөнер байқауы
03
October
2023
“Күз-мереке, күз-береке” тақырыбында табиғи материалдан жасалған
02.10.2023 күні Жаратылыстану бірлестігі ұйымдастырған “Күз-мереке, күз-береке” тақырыбында табиға материалдан жасалған қолөнер байқауы өтілді. Байқау ІІІ-кезеңнен тұрды: І- кезең: “Күзгі композиция” ІІ-кезең: “Еркін тақырыпта аппликация жасау” ІІІ-кезең: “Гүлдер жанымызды жылытады”. Байқау өз мақсатына жетті.  [media=https://www.instagram.com/p/CyBUdDssQgh/?hl=en]
“Ахмет ұлт ұстазы” киносын талдау
03
October
2023
“Ахмет ұлт ұстазы” киносын талдау
03.10 күні “Парасат” тарих бірлестігі ұйымдастырған “Ахмет ұлт ұстазы” киносын талдау ұстаздар арасында болып өтті. Мақсаты : Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл толуына байланысты өмірбаяны, қызмет жолы, шығармашылығымен таныстыру.Киноны талдау ІІІ бөлімнен тұрды. І бөлім кино үзіндісінен сұраққа жауап беру.ІІбөлім wordwall платформасында тұлғаны тану.ІІІ бөлім.бірінші топқа Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мәтінде беріліп, қазіргі қоғаммен салыстырмалы түрде постер қорғады. Екінші топқа қызмет
Мектебімізде Айқанат республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі өтті
30
September
2023
Мектебімізде Айқанат республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі өтті
Мектебімізде Айқанат республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Аталмыш байқауға 8-сынып оқушылары қатысты. Айқанттың негізгі мақсаты: ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға өзі қалаған жарқын болашаққа қол жеткізуге көмек беру. Әр баланың қиялына қанат бітіріп,биік белестерді бағындыруға демеу беру. Олимпиада тапсырмалары 4 пән бойынша берілді. 20 сұрақтан тұрады: Логикалық ойлау - 5 сұрақ Математикалық сауаттылық - 5 сұрақ Сыни ойлау - 5 сұрақ Қазақ тілі - 5 сұрақ болды. Тестілеу
“Қарттарым-асыл қазынам” атты мерекелік іс-шара
29
September
2023
“Қарттарым-асыл қазынам” атты мерекелік іс-шара
29.09.2023 жылы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде қарттар күніне орай “Қарттарым-асыл қазынам” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Мерекелік шарада оқушыларымыз ата-әжелерге арналған керемет ән, би,кhouseшашуларымен қарттарымызды қуантты.  [media=https://www.instagram.com/p/Cx2Sa0vMHXA/?hl=en]
"Біртұтас тәрбие - болашақ кепілі!" ата - ана жиналысы
29
September
2023
"Біртұтас тәрбие - болашақ кепілі!" ата - ана жиналысы
29.09.2023ж Б.Қосынов атындағы орта мектептебінде "Біртұтас тәрбие - болашақ кепілі!" ата - ана жиналысы өтті . Жиналыстың екінші бөлімі "Отбасы - тәрбиенің басты ұясы" тақырыбында коучингті қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.Спанкулова мен бастауыш сынып мұғалімі М.Қойшығұлова өткізді. Коучинг барысында "Сиқырлы шар" әдіс-тәсілдері арқылы ата аналармен жұмыс жасап,"Түйілген шыт" ойының өткізді. Жиналыс соңында ата - аналарға рухани құндылық тілей отырып, сөзімді Сүлеймен пайғамбардың нақыл
«Ұлттық тәрбие- ұлт болашағы» тақырыбында жаңа форматта ата- аналар жиналысы
29
September
2023
«Ұлттық тәрбие- ұлт болашағы» тақырыбында жаңа форматта ата- аналар
Мектебімізде 29.09 күні «Ұлттық тәрбие- ұлт болашағы» тақырыбында жаңа форматта ата- аналар жиналысы болып өтті.Жиналыс барысында математика пәні мұғалімі Султанбекова Талшын және бастауыш мұғалімі Иманқұлова Айман «Құндылықтар негізінде тәрбие беру - заман талабы» тақырыбында ата - аналармен коучинг өткізді. Мақсаты: ұлттық сана сезімі жоғары өз елінің салт- дәстүрін тарихын жақсы білетін ұлттық құндылықтарды ұштастыра білетін ұлтжанды тәрбиелеу.Коучинг барысында ата- аналар ар- ұят, талап,
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
29
September
2023
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
29.09.2023 күні Б.Қосынов атындағы орта мектебінде 5-6 сыныптар арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтіп жатыр. #Қарасайбілімбөлімі #Алматыоблысы @karasay_bilim_bolim [media=https://www.instagram.com/p/Cx0IYxuMhjz/?hl=en&img_index=1]
"Жыл мұғалімі - 2023" байқауы
22
September
2023
"Жыл мұғалімі - 2023" байқауы
Б.Қосынов орта мектебінде 20,21-қыркүйек күндері "Жыл мұғалімі - 2023" байқауы болды. Байқауға әр бірлестіктен бір мұғалім ұсынды. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1) Мұғалімнің жетістігін анықтайтын цифрлы портфолио. 2) Заманауи сабақ (20 минут) 3) ТЕD форматта «Білім берудегі трендтер» шығармашылық таныстырылым. Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін,талантты,ой өрісі биік, өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ізденімпаз, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан,педагогикалық мәдениеті