Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29108 болып тіркелді » "Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен" КММ
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Қосынов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29108 болып тіркелді
29
August
2022

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29108 болып тіркелді

Орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің   2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29030 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2022 - 2023 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2022 - 2023 оқу жылының басталуы - 2022 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу аптасы;
3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында), қысқы каникул – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында), көктемгі каникул – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында);
1-сыныптарда қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында).
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив